ДИКТОР: Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылдық округінің екі тұрғыны қайтарымсыз несие алып, өздерінің отбасылық жағдайларын жақсартып алды. Солардың бірі, Ахметовтар асыл тұқымды қой өсіріп жатыр.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ ТІЛШІ: Ахметовтар отбасы асыл тұқымды қойлардың санын артырып келеді.

РКС: Қыстан күйлі шыққан қойлар төлдеп, Ахметовтар отбасының көңіл күйлері көтеріңкі. Кіші ұлдары тай үйретіп, ата салтын жалғастыруда. Қора маңындағы қарбалас бір сәтке де, толастамайды.

СНХ: АҚМОНШАҚ АХМЕТОВА, КӘСІП ИЕСІ: Алланың берген 4 баласы бар 3 қыз және 1 ұл. Жолдасым және ұлым, өзім малға қараймын. Ауылда тұрған соң, мал басын арттыру керек. Үкімет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз несиелердің пайдасына кенеліп жатырмыз.

СНХ: ЖАНАТХАН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ЕСКІ ҚҰЛҚҰТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Өздеріңіз көріп тұрғандай Ахметовтер отбасы 13 бас қойды өсіріп жатыр. Қазір екі жылдық төлі бар. Сол сияқты тағы бір отбасы 1 млн 300 тенгенің қайтарымсыз несие алды. Олар сабыннан гүл жасап жатыр. 2,5 процентпен несие алуға ниеттілер бар. Олар кепілге қоятын мүліктің бағасына қарап отыр. Жеңілдетілген бағалармен жұмыс жүргізе береміз.

РКС: Ауыл тұрғындарының Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлығына айтар алғысы шексіз.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ