ДИКТОР: Коваль әулетінің тарихы қызық әрі көпке үлгі. Бұл әулеттің мүшелері үшін ас дайындау тек күнделікті қажеттілік немесе кәсіп қана емес, нағыз өнер. Анадан балаға дарыған аспаздық өнер қазір де жалғасып келеді. Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының аумағына танымал бұл аспазшы отбасының көрсеткен қолдауын көпшілігі көріп келеді десек артық болмас. Тілшіміз баяндайды.
РКС: Лада Коваль ас дайындау ісіне 25 жыл ғұмырын арнап келе жатыр. Бүгінде ұлы Антон да анасынан алған үлгісін бойына сіңіріп үлгерген. Бүкіл бір әулеттің той-жиынында анасына ара-кідік қолғабыс ете жүріп, бойындағы талантты байқапты. Білімін шыңдау үшін Алматыдағы қазақ технология және бизнес университетіне оқуға түсіп, қоғамдық тамақтану бойынша технолог мамандығын игеріп шыққан. Бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырған анасының қасынан табылып, жолын жалғастырып келе жатқанына еш өкінбейді.
СНХ: АНТОН ИВАНОВ, АСПАЗ: Мен анамнан көп нәрсе үйрендім. Тәжірибе жинадым. Қазір өзімізбен бірге 9 адам жұмыс істейді. Қазір біз 750 баланы тамақтандырамыз. Біз әрқашан дайын өнімнің сапасын бақылап отырамыз. Жұмыстың артықшылығы менің ойымша, бұл мамандық ең мәртебелі. Адамдарды тамақтандыру оңай емес, бірақ мен жақсы көремін. Өйткені мен бала кезімнен анамның жанында ас үйде жүрдім. Кішкентайымнан анамның көмекшісімін. Бастапқыда бізде шағын цех болды. Қамырмен жұмыс істеген ұнайтын. Осылайша қазір осы салаға келдім.
РКС: Бүгінде Лада Ковальды білмейтін жан жоқ. 1994 жылы Алматы технология және бизнес университетін тәмамдаған. Содан бері 20 жылдан астам білім беру нысандарында балаларды тамақтандыру ісімен айналысып келеді. Целиноград ауданы бойынша 3 мың баланы тегін тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қосшы қаласының өзінде 2 мектепте тамақтандыру ісін үйіріп отыр. Ол мемлекет тарапынан берілген қаржының арқасында жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жыл қатарынан қайырымдылық шараларынан да тыс қалған емес. Түрлі тағам дайындаудың тәсілін меңгерген олар аспаздық өнер махаббат пен үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтады. Тамақтың дәмімен қатар, атауын есте сақтау да маңызды дейді. Әулеттің кулинарлық шеберлігін жаңа деңгейге көтеру үшін біліктілікті арттырып отыруды да естен шығарған емес. Үнемі ізденіс үстінде.
СНХ: ЛАДА КОВАЛЬ, АСПАЗ: Кәсіпорын шағын болғанымен, ұжым өте ұйымшыл. Барлық қызметкердің арнайы білімі бар, білікті мамандар. Түрлі семинарларға барып, біліктілігімізді жетілдіріп отырамыз. Аспазшы бір орында тұрып қалмауы тиіс. Тағамның түрі, тұтынушылардың сұранысы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан, заманның ағымынан қалмауымыз керек. Жұмысымды өте жақсы көремін. Фамилиям менің брендім.
РКС: Коваль әулетінің аспаздық мұрасы дәмді тағамдар дайындаумен ғана шектелмей, мәдениет пен дәстүрді сақтай отырып, жаңғыртуды көздейді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ