ДИКТОР: Соңғы бірнеше жылда облыстағы білім саласында оқыту сапасын арттыруға және педагогтар мен оқушылар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған маңызды шаралар жүзеге асырылып келеді. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын жыл сайын 25 процентке көтеру бастамасының нәтижесі қазірдің өзінде байқалып отыр

РКС: Жалақыны жыл сайын 25 процентке көтеру, сондай-ақ біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдердің енгізілуі арқасында 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты. Бұл қадам ұстаз мамандығының маңыздылығын мойындау және білім саласының қызметкерлеріне нақты қолдау болды. Ақмола облысында мұғалімдердің еңбекақысына ғана емес, білім алушылардың жағдайына да зор көңіл бөлінуде. Биыл жергілікті бюджеттен бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде Ақмола облысындағы мектептердің барлық бастауыш сыныптарының 57 мыңнан астам оқушысы осындай тегін тамақпен қамтылған. Оған облыстық бюджеттен ағымдағы жылы 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балалары мектептерде тегін тамақтандыруға кіреді. Осы мақсаттарға бюджетпен де қомақты қаражат жұмсалып отыр.

РКС: Қазір облыс бойынша Көкшетауда екі, Бестөбе ауылында және Целиноград ауданында жаңа 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында қолданысқа берілмек. Сонымен қатар Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетауда 20 мектеп қайта жаңғыртудан өтеді. Айта кету керек, өткен жылдан бастап Ақмола облысының барлық мектебі жоғары жылдамдықты интернетті пайдалануда. Оқу процесінде старлинг белсенді интернет жүйесімен 265 мектеп қамтамасыз етілген. Облыс мектептерінде 1200-ден астам жаңа модификация кабинеті бар. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында биыл тағы 50 кабинет сатып алу жоспарланып отыр. Аталған жаңғыртулардың шарапатын көріп отырған білім ошағының бірі – Көкшетаудағы Әл-Фараби атындағы ІТ-лицей.

СНХ: МАРАТ КҮЛБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ІТ-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жаңа үлгідегі кабинеттер қазір бізде СТЕМ кабинеті бар, СТЕМ кабинеті, 2 роботехника кабинеті бар. Мұғалімдеріміз бізде оқытылған,олардың деңгейі жоғары. Бізде 1-4 сыныпқа дейін 358 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Қалған балалар ата-аналар ақысын төлейді. Бізде «Алақан» жүйесі орнатылған.

РКС: Соңғы жылдары білім беру жүйесін жаңғырту бойынша маңызды қадамдар жасалып жатыр. Білім саласы – қоғамның алтын қазығы, өркениетке жол ашатын шамшырақ. Өмірдің барлық саласында табысқа жету үшін білімнің іргетасы берік болуы шарт. Оқушылардың жан-жақты дамуы мен мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуі білім саласының жарқын болашағына негіз. Бұл – өзекті және тұрақты даму жолы, еліміздің ертеңін қалыптастыратын күш.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ