ДИКТОР: Жыл басынан бері облыста есірткіге байланысты 88 құқық бұзушылық анықталды. 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында полиция қызметкерлері нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің жұмысын жалғастыруда. Құқық қорғау органдары әлеуметтік зұлымдықпен қалай күресіп жатыр? Тілші баяндайды
РКС: Тіркелген 88 құқық бұзушылықтың 32-і есірткі сатумен, 2-і тыйым салынған заттарды аса ірі мөлшерде сақтаумен байланысты. Полицейлер есірткінің 18 келіден астам түрін тәркіледі. Сонымен бірге 7 келіге жуық синтетика да алынды.
СНХ: ДАРХАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Сондай-ақ, Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында 9 фотозертхананы анықтап, 9 синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл жұмыс кешенді жоспар шеңберінде жүргізіледі.
РКС: Биыл нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың қолданылу мерзімі аяқталады. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент жаңа құжатты дайындауды бастауды тапсырды.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мысалы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы жоспардың мерзімі биыл бітеді. Бұл құжат 2023 жылы әзірленген. Мұндай жоспар елімізге қажет екені анық. Өйткені осы қауіпті кеселге қарсы күрес – өте маңызды мәселенің бірі.
Сондықтан жаңа құжатты дайындауға қазірден бастап кірісу керек.
РКС: Ішкі істер Министрі биылғы жылды қылмыстың алдын алу жылы деп жариялады. Профилактикалық жұмысты күшейтіп, қоғамды осы жұмысқа тарту тапсырылды. Сонымен бірге тәсілдерді қайта қарап, жергілікті жерлерде құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ете отырып, жеке тұлғаға қарсы барлық қылмыстың жолын кесу де міндеттелді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ