ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен алғашқы көшпелі отырыста азаптаулардың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар Ресейден келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.

РКС: Адам құқықтарын сақтау – «Заң мен тәртіп» қағидатында анық айтылған. Үйлестіру кеңесі отырысындағы маңызды тақырыптың бірі бас бостандығынан айырылғандарды колонияларда ұстау тәртібі болды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында бас бостандығынан айыру орындарындағы жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жағдайына ерекше тоқталды. Құқық қорғаушы Айман Омарованың айтуынша қазіргі құқықтық тәсілдерді қайта қарау қылмыстық-атқару жүйесіндегі оң өзгерістерге бағытталған.

СНХ: АЙМАН ОМАРОВА, ҚОРҒАУШЫ: Негізінде өзгерістер болып жатыр. Өзгерістер болмайды деп айта алмаймыз. Бұрынғыдай емес. Бұрын немқұрайлықпен қарайтын. Қазіргі таңда енді бұл әнгіме Мемлекет басшысынан ғой. Мемлекет басшысы ана Құрылтайда не деп айтты? Әйелдерді айтты иә, балаларды айтты. Соның енді қазіргі танда Парламенттен өзгірістер болады. Жаңа заңға өзгерістер енгізіледі. Өзіміздің қоғамдағы адамдарымызды қалдырмау керекпіз. Өзіміз қоғамдағы балаларға, сотталған әйелдерге, сотталған ер азаматтарды – олардың құқығын бұзылмау керек. Егер де өзімізге көмектеппесек, ешкандай шешімге біз келмейміз.

РКС: Ұлттық алдын алу тетігі бұл біріккен ұлттар ұйымының халықаралық шарттарына сәйкес келетін азаматтарды азаптау мен өзге де адамгершілікке жатпайтын әрекеттердің алдын алу жүйесі. Бағдарламаға қатысушылар жыл сайын ел бойынша түзеу мекемелеріне барады. Тіркелген құқық бұзушылықтардың нәтижелері бойынша бақылаушы органдарға нақты, негізделген және тиісті ұсыныстар әзірлейді.

СНХ: ЖАРҚЫНБЕК БАҚАШБАЕВ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі мәжілісте негізгі қаралған мәселелер – ҚР заңнамаларын халықаралық талаптарға сәйкестендіру және Қазақстан Республикасында атқарып атқан жұмыстар, негізгі адам құқықтарын қорғау, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы атқаралып қызметтердің халықаралық талаптарға сәйкестендірілгені Ресейден келген әріптестерімен бірге қарастырып, салыстырмалы түрде қандай дәрежеге жетті және қандай дәрежелерде алдымызға қоятын мақсаттарды аңықтау.

РКС: Қылмыстық-атқару жүйесіне барған сапарлардың нәтижелері бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары жыл сайын жиынтық есеп береді. Кеңес мүшелері жиналған қадағалау органдарына түзету мекемелеріндегі санитарлық-гигиеналық, тамақтану және тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету және сотталғандар мен сыртқы әлем арасындағы байланыс мәселелері көтерілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.