ДИКТОР: Наурыздың 21-нен бастап еліміздің барлық қаласында «Balapan» телеарнасы түсірген «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмінің көрсетілімі жүріп жатыр. Жаңа туындыны Көкшетаудың кішкентай көрермендері де тамашалауда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Анимациялық фильм кішкентай көрермендерді Шоқан Уәлихановтың ең үздік экспедицияларының бірі болған Қашқария сапарымен таныстырады. Оқиға басты кейіпкер Азаттың кенеттен 1858 жылға тап болуынан басталады. Сапар барысында кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешеді.
СНХ: ӘРСЕН ЕРДЕН, КӨРЕРМЕН: Маған Шоқанның Қашқария мультфильмі өте ұнады. Ол өте қызықты. Мультфильмнің анимациясы жақсы. Осындай мультфильмдер көбірек болса. Бәріне рақмет. Мультфильмге келіңдер.
СНХ: АМАН НАЗЫМБЕКОВ, КӨРЕРМЕН: Маған бұл мультфильм қатты ұнады. Онда көптеген қызықты кейіпкерлер болды. Әсіресе, бала мен Шоқан Уәлиханов ұнады. Олар қызықты саяхат жасады. Шоқан Уәлиханов туралы көбірек білгім келеді.
РКС: Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов бар ғұмырын зерттеу жұмысына арнады. Қашқари сапары Шоқанның шоқтығын биік қып көрсетті. Бұл саяхат ғылым саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты.
СНХ: ДАМИР ҚҰТБАЕВ, РЕЖИССЕР: Ең қиын жұмыс сол Ш.Уалихановтың өзінің келбетін жасау болды. Аниматорлар, тарихшылармен ақылдаса отырып, әйтеуір шығардық. Ойымыздан шықты, 9 айда бітірдік, бұл өте тез деп ойлаймын. Басқалар 2-3 жыл жасайды.
РКС: Басты кейіпкерлердің ерлігі жас көрерменге ерекше рухани серпіліс бермек. Бұл балалар үшін жаңа қаһармандардың пайда болуына жол ашқан анимациялық жобаның бірі екені сөзсіз.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ