ДИКТОР: Биыл еліміз үшін айтулы даталарға толы жыл. Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысына 120 жыл. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен жұмысшы мамандықтар жылы аталып өтуде. Қос мерекеге орай кәсіподақ десанты облыстық филиалдардың, жергілікті бірлестіктердің, ірі кәсіпорындар, бастауыш ұйымдардың төрағаларымен және үйлестіру кеңесінің мүшелерімен, облыс белсенділерімен кездесті.
РКС: Кездесуге келген Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева алдағы 5 жылға арналған "Кәсіподақтар қызметінің стратегиясы" жаңа бағдарламалық құжатын дайындауға қатысты жоспармен бөлісті. Мұның бәрі әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі жетілдіруге бағытталмақ.
СНХ: ГҮЛНӘР ЖҰМАГЕЛДИЕВА, ҚР КӘСІПОДАҚТАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің сапарымыз жұмысшы мамандықтар жылы, Қазақстан кәсіподақтарының 120 жылдығы, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы аясында өтіп жатыр. Облыстың кәсіподақ активімен кездесіп, пікір алмастық. Сондай-ақ біз үшін маңызды мәселелер еңбек қауіпсіздігі және лайықты жалақыны қамтамасыз ету, жұмыс орнында лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
РКС: Өңірде 80 мыңға жуық кәсіподақ қызметкері жұмыс істейді. Серік Кәкенов 10 мыңнан астам мүшесі бар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының жұмысы туралы баяндады.
СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ , «SENIM» ЖЕРГІЛІКТІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің құрылғанымызға көп уақыт бола қойған жоқ. 5жыл ғана жұмыс істеп келеміз. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе жасап жатырмыз. Біз «Қазмед» республикалық кәсіподақтың қарамағындамыз. Осындай өзара көмек, өзара әрекеттесудің арқасында жұмысшы мамандықтарына көп жағдай жасалып жатыр. Әрине, сұрақ көп. Ең бастысы біз медицина қызметкерлерінің құқығын қорғаймыз.
РКС: Облыстың кәсіподақтар қозғалысының белсенділері медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жаңа-Есіл станциясының байланыс және сигнал беру учаскесінің бастығы Андрей Сорокинге "Еңбек озаты", ал «Алтынтау Көкшетау" акционерлік қоғамының жұмысшысы Қанат Сәрсенбаевқа «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды. Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің директоры Ерлан Бегайдаров Құрмет грамотасымен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ