ДИКТОР: Еңбек етсең емерсің. Көкшетау қалсының тұрғыны, көп балалы ана Эльвира Мұқашева осыдан бірнеше жыл бұрын ірімшік жасауды қолға алады. Табандылық пен қажырлы еңбектің арқасында бүгінде айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. 16 мемлекеттен ірімшік дайындайтын мамандар қатысқан байқауда ол алтын ұтып алған.
РКС: Көпбалалы ана Эльвира Мұқашева Көкшетау қаласында алғаш ірімшік дайындайтын цехын ашқан кәсіпкер. Алғашында 100 литрдан бастаған ол, бүгінгі айналым 300 литрге жеткен. Қазір зауытта жұмсақ ірімшіктің 12, қатты ірімшіктің 8 түрі дайындалады. Сонымен қатар бұл жерде тәтті, ащы, тұщы құрт пісіріледі. Шикізатты облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендеріндегі шаруашылықтардан қабылдайды. Сүт арнайы тексерістен өткен соң ғана қабылданады. Кәсіпкерге үлкен кісілер бала кезімізде жидек қосылған құрт болатын. Сондай құрт дайындашы деген ұсынысты жиі айтады.Эльвира бұл істі де қолға алып, қарақат қосылған құрт жасайды.
СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, "БУРРАТТА" ІРІМШІК ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ ИЕСІ: Ақтау қаласына конкурсқа барып, 16 мемлекеттен сыр өңдейтін кісілер жиналды. 400 экземпляр сырлардың ішінде қарақатпен құрт алтын ұтып алды. 6 түр сыр апарғам соның 4-уі орын алды 3-уі күміс алды, біреуі бронза алды. Біз ашылған жылы туристер көп келді. Мен ыстық сырды алып шығып, дәм татулар ұйымдастырдым. Біздің сүттің Ақмола облысының өте дәмі керемет, шөбі шүйгін, ақ тамақ дейді ғой.
РКС: Эльвира ірімшік дайындауды интернеттен үйренген. алғашқы жұмыстарын әлеуметтік желіге сала бастағанда қызығушылық білдіріп хабарласқан адамдар саны көбейген. Кейін бірнеше мейрамханадан тапсырыс түсіп, қазір олар ірімшікті осы жерден тұрақты алып жүр. Және кәсіпкер үйренемін деген нәзік жандыларға арнайы шеберлік сағаттарын өткізуде.
СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, "БУРРАТТА" ІРІМШІК ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ ИЕСІ: басында мүмкіншілігім алғашқы жарнам болмады. мемлекеттік гранд бар екендігін білдім. бизнес план құрдым. өттім 1 млн 225 теңге ұттым. холодильник, пісіретін пеш, ғимарат арендаға алған бұл түрткі болды мемлекеттен алғашқы көмек. кейін без процентный кредит алдық. кейін сұраныс артып алдында 100 литрге бастаған болтынбыз, кейін 300 литр өңдейтін сыроварня кастрюль, сепиратор, холодильник алдық.
СНХ: ОЛЬГА ЛИПЕНЬ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР: Ақмола облысында 50 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген. Олардың 20 мыңы нәзік жандылар. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын бағдарламалар көп. Жұмыс істейтін әйелдерге 16,5 процентпен берілетін "Үміт" бағдарламасы бар. Білесіздер "Ұмай" бағдарламасы да тек нәзік жандыларға арналған. Онда әйелдер жеңілдетілген несиемен үй ала алады. Ауыл аманат бағдарламасы да бар. Жұмыс істейтін жандарға грандтар өте көп.
РКС: Эльвираның айтуынша жұмысшы мамандарды табу қиын. Қазіргі таңда технолог, жуып жинайтын адам мен бірнеше сатушы керек.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫР ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ