ДИКТОР: Зеренді ауданындағы «Дихан Плюс» серіктестігінің аграршылары көктемгі егіс науқанын бастап кетті. Олар танап басына сәуірдің 24-де шықты. Егістік алқабы 24 мың гектарға жуық. Оған дәнді және майлы дақылдар сіңіріледі.
РКС: Серіктестік аумағында шамамен 80 мың тонна астық сыятын қырман бар. Қазір бұл жерде тұқымдарды дәрілеп, танап басына жіберу жүріп жатыр.
СНХ: МАКСИМ ГЛУШКОВСКИЙ, ҚЫРМАН МЕҢГЕРУШІСІ: Қазір бізде 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде механизаторлар, жүргізушілер, жұмысшылар, қырман слесарьлары, механикалық мұнара операторлары, кептіру аппаратының жұмысшылары. Барлығы егіс науқанына жұмылдырылған. Сондай-ақ, былтырғы жиналған астықты элеваторға жіберіп отырмыз.
РКС: Бүгінде тұқымның 30 проценті жерге сіңірілді. Оның ішінде 2 мың 600 гектар алқапқа бұршақ, 1300 гектар жерге қызыл жасымық және 3 мың гектарға күнбағыс егілді. Рапс егу жүріп жатыр.
СНХ: БҰЛАН ЖАСҰҒЫН, ТРАКТОР-ҚЫРМАН БРИГАДАСЫНЫҢ БРИГАДИРІ: Мұнда көбінесе майлы дақылдар егілді. Өйткені бұл біз үшін өте үнемді. Мұнда рапс, кейін зығыр егеміз. 4 заманауи агрегат және егіс кешені жұмылдырылған.
СНХ: ЖАНАТ БЕКТЕМІРОВ, МЕХАНИЗАТОР: ТОО-да мен уже міне 5 сезон істеймін. 3 сезон посевте. 2 сезон погрузчикте істедім. Бір тракторде 2 кісі істейміз. Мен күндіз істеймін, таңғы сағат 8 кешкі 8-де дейін. Түнгі сменде напарник келеді. Ол да кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейін.
РКС: Қазір диқаншылар қатты және жұмсақ бидай егуге кіріседі. Сондай-ақ, жемшөп дақылдарын себу де жоспарланған.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.