Негізгі Жаңалықтар Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы биылғы астықтың бағасын жариялады

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы биылғы астықтың бағасын жариялады


ДИКТОР: Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы биылғы жаңа астықтың бағасын жариялады. Бидай мен арпа бағасы былтырғы деңгейде сақталып отыр. Сипаттамалары мен сапасына байланысты үшінші класты бидайдың бір тоннасы үшін баға 92 мыңнан 115 мың теңгеге дейінгі аралықта ұсынылуда.  

ИНФОГРАФИКА: Қосымша құн салығын есепке ала отырып жаңа өнімнің бір тоннасы үшін клейковинасы 27 және одан жоғары болатын 3-класты бидай үшін баға 115 мың теңгеден айналады. Ал клейковинасы 25–26 проценттік 3-класты бидай 96 мың теңгеден сатып алынбақшы. Клейковинасы 23–24 процент болатын дәл осындай бидайдың бағасы 90 мың теңге болмақ. 4-класты бидайдың бағасы – 82 мың, ал 5-класты бидайдікі – 70 000 теңге. Ұлттық компания қатты бидай үшін 90 000 теңге ұсынып отыр. Бұл ретте дәннің қаттылығы 60 проценттен кем болмауы тиіс. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 2-класты арпа бағасын 75 мың теңге деңгейінде белгілеп отыр. Айта кетейік, биыл ұлттық астық операторы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыруға 32 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді.


ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: ЕГІН 2026

3 класты бидай 

• клейковинасы 27%+, 115 мың теңге

• клейковинасы 25-26%, 96 мың теңге

• клейковинасы 23-24%, 92 мың теңге

4 класты бидай 

• клейковинасы 18%+, 82 мың теңге 

5 класты бидай 

клейковина 18%+ 70 мың теңге 

қатты бидай  

• дәннің қаттылығы 60, 90 мың теңге 

2 класты арпа

• 75 мың теңге 

Форвардты қаржыландыру 

• 31,9 млрд теңге

ГЕО: БЕЙНЕҚОР 

ДИКТОР: Форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында қаржыландыруды алған фермерлерден астықты қабылдау жұмыстары басталып та кетті. Айта кету керек, күзгі маусымда астық бағасының төмендеуіне қарамастан, ұлттық оператор ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында өнімге әділ сатып алу бағасын белгілейді. Жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігі маркетингтік жылды қорытындылады. Қазақстан 15,5 миллион тонна астық экспорттады. Жеткізу желісі Орталық Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропа елдерін қамтиды. Сыртқы нарықтың ауқымы кеңеюде. Дәстүрлі сатып алушылардан бөлек Қазақстанның бидайын Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбритания сатып алады. Сонымен қатар Марокко, Алжир және Мысыр елдері алғаш рет қазақстандық өнімге қызығушылық танытып отыр. 


Бөлісу