Уран өндіруші компаниялар облыстағы әлеуметтік жобаларға қаражат бөледі
ДИКТОР: Біржан сал ауданына қарасты Степняк қаласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға шамамен 1 миллиард 200 миллион теңге бағытталады. Қаражатты уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» және CGN Mining Company Limited компаниялары бөледі. Бұл туралы бүгін «Қазатомөнеркәсіп» пен Ақмола облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде белгілі болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Облыс әкімі атап өткендей, ірі бизнестің аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысуы әлеуметтік әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің серіктестігіміз, бірге жасап жатқан жұмыстарымыз халықтың игілігіне, еліміздің дамуына, өйткені сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз еліміздің экономикасына қуат беретін стратегиялық жобалар. Жалпы 20 жылдан астам осы Ақмола облысында үлкен өндіріс бар. Ол енді әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, біздің аймаққа жаңағы кіріс әкелетін, жұмыс орнын беретін. үлкен өндіріс. Бүгінгі жасап жатқан әлеуметтік жауапкершілігін бірінші халықтың атынан, екінші Ақмола облысының басшылығының атынан ризашылығымды білдіремін. Осылай біздің серіктестігіміз әрі қарай жалғасын тауып, біз де енді қолдан келгенше сіздердің жұмыстарыңыз тиімді жүруіне, дамуына өз үлесімізді қосамыз.
РКС: Бөлінген қаражат есебінен Степняк қаласында шамамен 2 шақырым көше жолы желісі жаңартылады. Сондай-ақ, 27 тұрғын үйдің аумағы мен қалалық саябақ абаттандырылады. Қалада 2 көпфункционалды балалар алаңы пайда болады. Бұдан бөлек, мемориалдық кешен мен Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінің қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғындары бұл оң өзгерістерді көптен күтті.
СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Степняк қаласында Семізбай-U арқылы 9 жоба жасалады. Осы 1 айдың ішінде әлеуметтік жұмыстар жол мәселесі, балалардың ойнайтын алаңдары одан басқа да әлеуметтік жобалар. Өзіміздің ойымызша кем дегенд 1 айдың ішінде бітіріледі. Өйткені мердігер 1-2 күннің ішінде бастады бүкіл жұмыстарды. Бөлінген қаржы 1 миллиардтан асады.
РКС: Әлеуметтік жобаларды іске асыру қалалық инфрақұрылымды жаңартуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Еске сала кетейік, Степняк қаласындағы уран өндіру кәсіпорны бүгінде Ақмола облысындағы ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ