«Таза өлке – жарқын болашақ!» экологиялық акциясы
ДИКТОР: Қорғалжын ауданында өткен «Таза өлке – жарқын болашақ!» экологиялық акциясына 200-ден астам адам қатысты. Тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар мен волонтерлер орталық алаң мен сол маңдағы аумақты тазалауға шықты. Шара «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында өтті.
ДИКТОР: Қорғалжын ауылында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, орталық алаңды тазарту арқылы қоғамдық орындарды ретке келтірді. Экологиялық бастама оқушылардың қатысуымен өткен кездесуге жалғасты. Олар табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы дәріс тыңдады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар аймақтың келбетін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындар, әсіресе, жас буын арасында экологиялық сананы қалыптастыруға да ықпал етеді.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін Қорғалжын ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Барлық мекемелер, жастар, ардагерлер, барлығымыз жұмып, осы ауданымызда тазалап жатырмыз. Аудан таза болу керек. Ел таза болу керек. Ауламыз таза болу керек. Осыған жұмып бәріміз бірге жұмыс жасайық.