Негізгі Жаңалықтар Өмірдің өнегелі белесі

Өмірдің өнегелі белесі


ДИКТОР: Көкшетауда егде жастағы қариялар күн сайын жиналып, шахмат ойнайды. 40-қа жуық зейнеткер уақыттарын пайдалы әрі мағыналы өткізеді. Облс орталығындағы шахмат клубының ашылғанына 30 жылдай болған.

РКС: Арыстан Аяғановтың жасы 83-те. Шахмат клубы ашылған күннен бастап күн сайын бірнеше сағат осы орталықта уақыт өткізеді. 

СНХ: АРЫСТАН АЯҒАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР: Шахмат адамның ойлау қабілетін дамытады. Қарсыласыңмен ойнау арқылы адам ойланады, әр жүрісін есептейді, сабырлы болуға үйренеді. Сондықтан шахматтың адам өміріне берері көп деп ойлаймын. Әсіресе кейінгі жастардың шахматқа қызығушылығы артса екен деймін. Шахматпен айналысу – бос уақытты тиімді өткізудің бір жолы ғана емес, адамның ой-өрісін кеңейтіп, тәртібін қалыптастыратын жақсы әдет. Шахмат адамды жамандыққа жетелемейді, керісінше сабырлылыққа, ұқыптылыққа, тәртіпке және дұрыс ойлауға тәрбиелейді. Сондықтан жастардың шахматпен тұрақты айналысқаны өте пайдалы деп есептеймін.

РКС: Жас ұлғайған сайын адам денсаулығы ғана емес, ой-санасының сергектігіне де көңіл бөлінуі маңызды. Осы тұрғыда шахматтың орны ерекше. Шахмат ойыны есте сақтау, ойлау қабілетін жаттықтырады, зейінді арттырады. Әсіресе көңіл-күйге жақсы әсер етеді. Қарым-қатынасты күшейтеді, белсенді өмір салтына ынталандырады.   

СНХ: ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, ШАХМАТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жалғыз шахмат емес, бір-бірімен кездесіп, жаңалықтарды айтып, оның өзі бір үлкен кісілер үшін бір сондай орталық сияқты. Осындай жағдай мінеки. Бірақ енді біздің шахматшылар үлкен кісілер, Петропавлдың клубымен де ойнадық. Үлкен кісілермен. 

РКС: Қарттық – белсенді өмірден шет қалу деген сөз емес. Керісінше, жаңа нәрсені үйреніп, ой-сананы сергек ұстап, қоғаммен араласудың маңызы зор. Шахмат адамға асықпай ойлануды, сабыр сақтауды және әр шешімнің салдарын бағамдауды үйретеді. Сондықтан жетпістен асқан жандар үшін шахмат – ақылға жаттығу, көңілге қуаныш, ал қарым-қатынасқа жақсы мүмкіндік. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу