ДИКТОР: Облыс бойынша биыл 5,4 млн гектар алқапқа бидай сіңіріледі. Оның 430 мың гектар майлы дақылдар. Көктемгі науқан Сандықтау ауданында да ұйымшылдықпен басталып кетті. Алқапқа алғашқы агрегаттар шықты.
Ест. Шум:
СНХ: СЕРІК ҚҰДАБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің аудан жер баптаудың жоғары мәдениеті қалыптасқан өңір. Жергілікті диқандар агротехникалық шараларды тиімді пайдаланады. Биыл 342 мың га жерге дәнді-дақылдар егеміз. Әр серіктестік пен жекелеген шаруа қожалықтары жауапты науқанға тиянақты дайындалды. Мемлекет тарапынан тиісті көмектер жасалды. Ауданның егістік алқаптарына техникалар шығып жұмыс істей бастады.
РКС: Апта басында аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі “Каменка және Д” серіктестігінің механизаторлары егістік алқапқа қуатты техникаларды шығарды. Жұмыс тәулік бойы жүруде.
СНХ: АЛЕКСЕЙ ДЖЕЙРАНОВ, “КАМЕНКА ЖӘНЕ Д” СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 2025 жыл жақсы жыл болады деп үміттеніп отырмыз. Биыл дәнді-дақылдар себудің технологиясын жаңарттық. 17 мың гектар алқабымыз бар. Оның басым бөлігіне бидай және майлы дақылдар себеміз. Техника және жанар-жағармай жеткілікті.
РКС: Бүгіндері зығыр сеуіп жатқан серіктестік диқандары бұның технологиясын бұлжытпай орындауда.
СНХ: АЛЕКСЕЙ ДЖЕЙРАНОВ, “КАМЕНКА ЖӘНЕ Д” СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Биыл сұйытылған тыңайтқыш зауытын сатып алдық. Оның тиімділігі өте зор. Дән сіңіріп болғаннан кейін тыңайтқыш себеміз. Өзге де агротехникалық амалдар жасалады. Бұл болашақ мол өнімнің кепілі.
РКС: Біз болған күні “Каменка және Д” серіктестігінің егістік алқабына 12 шетелдік себу агрегаты шықты. Алдағы күндері оның саны арта түседі.
СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Егіс жұмыстары енді ғана басталды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ