ДИКТОР: Мамандардың айтуынша, сәтті сауығып кетудің 30-70 проценті реабилитация кезеңіне байланысты. Көкшетауда қалпына келу жолындағы азаматтарға «Viamedis» клиникалық-оңалту орталығы көмек көрсетеді.

РКС: Инсульт не жарақаттан кейінгі, операция жасатқан, тізе немесе жамбас буынын алмастырған, сондай-ақ омыртқаға ота жасалған әрбір пациент ем қабылдай алады. Ол үшін тіркелген учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Ол электрондық портал арқылы реабилитациялық ем алуға жолдама береді.

СНХ: АЙДАНА ЕСІМБЕКОВА, ЖАЛПЫ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Жалпы оңалту бөлімшесінде 28 төсек-орын, яғни 7 төрт орынды палата бар. Бұл жерде травматология, ортопедия, кардиология және кардиохирургия бағыттары бойынша пациенттер ем қабылдайды. Әр палатада дәретхана қарастырылған, себебі бұл пациенттер өздігінен қозғала алады. Отаудан кейін, үйде бір ай жатқаннан кейін қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда орталығымызға реабилитациялық ем алуға келеді.

РКС: Орталықта көрсетілетін қызмет түрлері ауқымды. Емдеу кешенді тәсілмен жүргізіледі – әр пациентке кәсіби мамандар қызмет көрсетеді. Нейрооңалту бөлімшесінде 32 төсек-орын бар. Мұнда науқастар неврология және невралгия диагноздарымен ем алады. Бұл бөлімге ишемиялық және геморрагиялық инсульттан кейін, сондай-ақ омыртқа немесе жұлын зақымданғаннан кейінгі пациенттер түседі. Бұл санаттағы науқастар ең ауыр деп саналып, ерекше күтімді қажет етеді.

СНХ: ФАРИЗА НӘБИЕВА, НЕЙРООҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл пациенттерге оңалту тұрғысынан мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Реабилитация алғашқы үш жыл ішінде міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Бұл бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Егер науқас бастапқыда өздігінен қозғала алмай, төсек тартып жатса, үш жылдық оңалту курсынан кейін ол таяқтың немесе басқа да көмекші құралдардың көмегімен жүре алады, біртіндеп сөйлей бастайды, когнитивтік функциялары жақсарады.

РКС: Пациенттер тек ем қабылдап қана қоймай, уақыттарын да тиімді өткізеді. Оларға шағын кітапхана, оқу және демалыс аймақтары, сондай-ақ теледидар көруге және үстел үстіндегі ойындарды ойнауға арналған орындар көзделген. Пациенттер үшін шығармашылық кештер, кездесулер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ал туған күн иелерін құттықтау – ұжымның игі дәстүріне айналған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Күн сайын бұл жерде үлкен жеңіске бастайтын алғашқы қадам жасалады. Жанында әрдайым өз ісіне адал және науқасқа сенім сыйлайтын дәрігерлер бар. Бұл орталықтағы оңалту – жай ғана емдеу кезеңі емес, пациенттер рухани қолдау мен ертеңгі күнге деген сенімге ие болады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ