ДИКТОР: Аршалы ауданында Реновация бағдарламасы бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда мердігер компания ішкі әрлеу жұмыстарын реттеп, пәтер кілтін табыстауға дайындалып жатыр. Бұл жерде өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынып, тозығы жеткен 8 пәтерлі үй болатын. Енді міне егелерімен келесім жасалып, апатты жағдайда тұрған үй сүрілді, оның орнына заман талабына сай келетін 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй бой көтерді. Жалпы аумағы 5200 шаршы метр. Бүгінде құрылысы толық аяқталды деуге негіз бар. Таза жөндеу жасалған. Жихаз бен ыдыс аяғыңды алып, қоныс тойын тойлай беруге болады. 2 және 3 бөлмелі пәтерлер «Отбасы банкі» арқылы үй кезегінде тұрған аршалылықтарға беріледі. Жоба құны 1,8 миллиард теңгені құрап отыр.

СНХ: ШЫНЗАТ ТІЛЕУЛИЕВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 100 пәтерлік үй. 25 апрельде басталды құрылыс. 6 айдың ішінде құрылысы бітіп тұр. 5 қарашаға дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Реновация бағдарламасы бойынша салынып жатыр