ДИКТОР: Сандықтау ауданында қыран құстармен аң аулаудың үздік шеберлері бас қосқан «Қансонар» атты халықаралық турнир өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының күніне және ұлттық саятшылық өнерінің дамуы мен сақталуына өлшеусіз үлес қосқан әйгілі бүркітші Мәсіп Батырханұлының 140 жылдық мерейтойына арналды.
РКС: Бүркіттің көру қабілеті адамдікінен сегіз есе артық. Ол жердегі болмашы қимылды қалт жібермейді, ал адам оның жүрек соғысын алақаны арқылы сезеді. Міне, дәл осында – қыран мен адамның арасындағы ерекше үйлесім, құсбегіліктің тылсым сыры жатыр. Дәл осы турнирге Қытай, Ресей, Моңғолия елдерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 82 саятшы қатысты.Олар бүркітпен аң аулау – нағыз рух пен шеберлікті талап ететін спорт екенін дәлелдеді.
СНХ: СЕРІКБОЛСЫН ЖАЛҒАСҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ (ТАРАЗ ҚАЛАСЫ): 13 жасымнан бастап кұс көтердік. Қаршыға,ителгі, құсын ұстадық қолға, әкемізден үйремніп, әкеміздің жаныңда жүріп, аңға шығып. Бүркіт құсың қолға алдық, қазір құсты үйретіп жатырмыз, қазір бүркіт кұсыма 7 жыл, жеті жыл ұстап жүрмін. Әкем құсты беріп, бағып деп, үйрет деп. +скл+ 1:02, тернировка енді кәдімгі жасаймыз 500 метр жарыс ережесімен дайындаламыз, 500 метрге қолға шақырамыз, сырға тартамыз, еркін ұшырамыз, қоянға саламыз. Қазір аңды алыптастады қоянды алыптастады, кейбір жарыстарда қоян болады. Қытайдан келген құстар сәтсіздік сәтілік болады, ол қісілердің құстары ұшпады. Көрдініз кеше жел болды, ауарайы қолайсыз болды құстарға. Құстары дайындалмаған, техникасы аз деген сөз.
РКС: Жарыс үш номинация бойынша өтті: «Бүркіт», «Қаршыға» және «Ителгі». Бұл турнир еліміз бен шетелден келген кәсіби құсбегілер мен әуесқойларды жұмылдырған ерекше мәдени ортаға айналды. Саятшылық шеберлері өз қырандарының ептілігі мен баптау деңгейімен қоса, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көне дәстүрді терең меңгергенін де көрсетті.
СНХ: АҚЖОЛ КОРЧИГАНОВ, ҚАТЫСУШЫ (РЕСЕЙ): Мен саятшылықтың дәл осы – қаршығамен аң аулау түрімен айналысамын. Біздің әулетімізде бұл өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Тегіміз – «Корчиганов» сөзі де «қаршыға» атауынан шыққан. Менің атамның есімі де Қаршыға еді, ол да осы іспен айналысатын. Сондықтан біз бабалар жолын жалғап, олардың мұрасын сақтап келеміз. Ұлттық құндылығымыз жоғалып кетпес үшін, бұл дәстүрді Алтай Республикасында да дамытып жатырмыз. Мен осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандықтар әрдайым өз қонақжайлылығымен және жоғары ұйымдастыру мәдениетімен таңғалдырады. Сандықтау ауданының әкіміне және атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлының немересіне ерекше алғыс айтамын.
РКС: Жарыс нәтижесінде «Қансонар» турнирінің үздіктері Қарағанды, Жамбыл, Атырау және Ақмола облыстарынан шықты. Қыран құстармен аң аулауда ерекше шеберлік танытқан саятшыларға ақшалай сыйлықтар, арнайы кубоктар мен медальдар табыс етілді.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сандықтау ауданында өткен «Қансонар» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бізде жыл сайын жарыстың өтетін орнын ауыстыру дәстүрге айналған. Мысалы, былтыр турнир Аршалы ауданында, ал оған дейін Бурабай ауданында ұйымдастырылған еді. Биылғы жарыс та жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар мен қонақтар жарыстың өткізілу барысына, төрешіліктің әділдігіне және Ақмола облысының қонақжайлылығына ризашылықтарын білдіруде. Бұл сайыстың жүлде қоры Құсбегілік федерациясының қолдауымен тағайындалды, ал ұйымдастыру жұмыстары Ақмола облысының спорт басқармасына жүктелді. Турнир Туризм және спорт министрлігі мен Ақмола облысының спорт басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
РКС: Осындай рухы биік шаралар елдер арасындағы достық дәнекерін нығайтып, ата-бабадан жеткен ұлттық спорттың қадірін асқақтата отырып, оның жаңа тынысын ашуға себеп болмақ.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ПАВЕЛ СООЛВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ