ДИКТОР: Биыл өңірде 77 білім беру мекемесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде тозығы жеткен 34 білім ошағы толықтай күрделі жөндеуден өтті. Жаңа кейіпке енген мектептер оқушылар үшін жайлы да жылы, заманауи талапқа сай білім ордасына айналды. Мұндай игілікті істің нәтижесін бүгінде Макинс қаласының мектеп оқушылары да сезініп отыр.

РКС: Макинск қаласында орналасқан Балуан Шолақ атындағы бұл мектеп 1955 жылы салынған. Осы уақытқа дейін білім ошағына тек шағын жөндеу ғана жүргізілген. Биыл ғимарат толықтай жаңартылды: қасбеті жаңартылып, терезелер мен есіктер ауыстырылды, жаңа жылыту және электр жүйелері орнатылды. Бүгінде ғимарат жаңаша келбетке ие.

СНХ: ТОЛҚЫН НҰРМҰҚАНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 631 млн-ға күрделі ремонт, екі жылдың жоспары міне бір жылда бір потокпен өткізді. Енді жалпы былтыр мектепте оснащение болған. «Қазақстан халқына» қорынан жабдықталған. Қазіргі жағдайда математика мен орыс тілі пәнінен мұғалімдер жетіспейді. Қалған пәндерден бүкіл мұғалімдер жеткілікті. Физика, химия, биология пәндерінен бізде қазір STEM-лабороториялар келді, жабдықтандырылды. Сол бойынша толыққынды сабақтар жүргізілуде. Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Біз тірек мектеп болып атандық.

РКС: Мектепте 600-ге жуық оқушы білім алады, оларға 52 білікті мұғалім тәлім беруде. Заманауи оқу жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген білім ордасы оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр,-дейді олар.

СНХ: БАЙСҰЛТАНБЕК БЕКЗАНҰЛЫ, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мектебімізде техникалық база толық жаңарғаннан кейін робототехника бойынша көптеген сайыстарға қатыстық. Содан нәтижелер алдық. 24-25 жылдары Түркияға барып, халықаалық жарыстарға қатысып, ол жерден әлемдік жарысқа лицензия ұтып алдық. Енді алдағы уақытта Рим қаласында өтетін әлемдік жарысқа баруға ниетіміз бар қараша айында өтетін.

СНХ: ФАРИЗА БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ, ОҚУШЫ: Мектепте жаңа жөндеу жұмыстары жасалғанына барлы оқуышалр болып қуанып жатырмыз. Өйткені осы жұмыстардан кейін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр, жаңа үйірмелер. Оның барлығы бізді қуантада, жаңа мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар осы өзгерістерден кейін мектепте мәдениет, білім, спорт салалары бойынша іс-шаралар өткізіп жатыр. Соларға белсенді қатысудамыз.

РКС: Өңірде жалпы 500-ге жуық мектеп бар. Алдағы уақытта да білім нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2027 жылға дейін 90 мектепті қайта жаңарту жоспарланған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ