ДИКТОР: Ұлттық мереке күні Көкшетауда тағы бір топ отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер апатты үйде тұрып келген 80 отбасына бұйырды. Республика күніне орайластырылған салтанатты шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Баспаналы болғандардың бірі - Гүлбақыт Шаимова. 20 жылдан астам тозығы жеткен үйде тұрған ол енді көптен күткен жаңа әрі жайлы 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізгеніне дән риза.

СНХ: ГҮЛБАҚЫТ ШАИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін міне, ескі үйден жаңа үйге қоныс аударайын деп жатырмыз. Кілт алдық, көптен-көп рахмет. Бүгінгі той тойға ұласа берсін. Қуанышымда шек жоқ! Ескі үйде су тасып, көмір жағып, отын әкеліп, сол жерде 22 жыл тұрдық біраз. Енді мына ренновация арқылы жаңа пәтердің кілтін алып жатырмыз бүгін. Өте қуаныштымыз! Қуанышымызда шек жоқ!

РКС: Реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана кілттері кезекте тұрған 80 отбасыға берілді. Оның 35-і - әлеуметтік осал топтағылар. Жалпы, бұл игі бастама былтыр қараша айында басталған еді. Биылдың өзінде өңірде түрлі санаттағы азаматтарға 700-ге жуық пәтер берілді. Жыл соңына дейін тағы 1200-ге жуық пәтер беру жоспарланып отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы, биыл аймақта ауыз толтырып айтатын игі бастамалар жүзеге асырылуда. Мерекелік күннің қадірін арттыратын қуанышты жаңалық – бүгін әлеуметтік осал санаттағы көкшетаулық отбасылар көптен күткен армандарына қол жеткізіп, жаңа баспанаға ие болмақ. Бұл – шынайы қамқорлықтың, әділдік жарқын көрінісі. Көптің қуанышы – ел қуанышы.

РКС: Ақмола облысы ренновация бағдарламасы бойынша елімізде көш бастап тұр. Мәселен, соңғы екі жылда 5 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспаналы болды. Осылайша өңірде кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататындар 29 процентке азайған. Бүгінгі қоныс тойы да – соның тағы бір айқын дәлелі. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасып, мыңдаған отбасының жағдайын жақсартуға сеп болмақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ