ДИКТОР: Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордада өткен жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім жеткізді. Республика күніне арналған бұл шарада өңірдің табиғи әрі сапалы өнімі елордалықтарға кеңінен ұсынылды.

РКС: Елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 50-ге жуық түрлі өнім түрі ұсынылды. Сөрелерге ет және шұжық өнімдері, балық, жұмыртқа, сүт тағамдары, ұн, картоп пен көкөніс, сондай-ақ жеміс ағаштары мен бұталардың көшеттері және отын шығарылды. Астаналықтар жергілікті өндірушілердің осындай жәрмеңкесіне ризашылықтарын білдіріп, өнімнің сапасы мен бағасына ризашылығын білдірді. Бағалардың 15–20 процентке дейін төмендетілуі мерекелік күнге ерекше көңіл-күй сыйлап, тұрғындардың ықыласына бөленді.

ЛЮФТ: Мы рады, что ярмарка такая для населения. Очень много продукции, мясо говядины выбор большой. Хочешь мед купи, хоть что. Вкусное все. Натуральная продукция хорошая. Фермер из Валиханова предлагает мне мясо. – Да, мясо я предлагаю вкусное, экологически чистое мясо. - Спасибо большое нашему правительству, что сделали такую ярмарку.

- Цены очень хорошие. Если бы еще проходили так ярмарки были бы рады! Спасибо большое!

- Продукции очень много. Цены не дорогие. Вот я взял, конины мясо очень вкусное, я думаю жирное. И творог, и молоко, все тут есть.

РКС: Елордадағы «Қазанат» ипподромында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 30 тоннаға жуық сүт өнімдері ұсынылды. Өз өнімдерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген «Моя ферма» шаруашылығы жәрмеңкеге құрт, йогурт, сүт және тағы басқа табиғи өнім түрлерін әкелді. Бұл – бес жылдан аса уақыт бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан отбасылық кәсіп. Шаруашылық өкілі Ерасыл Наймановтың айтуынша, олардың өндірісінде тәулігіне шамамен 3 тонна сүт және қышқыл сүт өнімдері дайындалады.

СНХ: ЕРАСЫЛ НАЙМАНОВ – «МОЯ ФЕРМА» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз табиғи фермерлік өнім өндірушілерміз. Біздің зауыт – елордаға ең жақын орналасқан кәсіпорындардың бірі. Жәрмеңкеге өзіміздің 17өнім түрінен тұратын толық ассортиментімізді алып келдік.

РКС: Сондай-ақ, мұнда 150 тоннаға жуық ет және шұжық өнімдері ұсынылды. Ерейментау ауданынан келген жеке кәсіпкер Анаргүл Қасымова өз өнімдерін тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен бағада саудалады. Аудан атынан жәрмеңкеге 7 тоннадан аса ет, сонымен қатар сүт, шұжық өнімдері мен көкөністер әкелініп, көпшіліктің сұранысына ие болды.

СНХ: АНАРГҮЛ ҚАСЫМОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Ерейментау ауданы Ажар ауылынан өз жеке шаруамыздан әкелінген таза сапалы етіміз, жылқы еті, жабағы еті Үш мың екі жүзде…

СНХ: ЭЛЬВИРА МҰҚАШЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Қымызхан» деп аталатын авторлық ірімшікті жасау – менің ерекше идеям болды. Мақсатым – Францияны түйе сүтінен дайындалған ірімшікпен таңғалдыру еді. Нәтижесінде бүкіл әлем назар аударды, себебі бұл – қымызда пісіріліп, жетілдірілетін бірегей ірімшік.

РКС: 30-дан астам волонтер таңнан кешке дейін қарттарға көмек көрсетті. Белсенділер аудан мен қала өңірлерінен арнайы келген.

СНХ: ДУЛАТ СЕРДӘЛІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жәрмеңке барлық аймақтар арасынан соңғысы – Ақмола облысы. Бұл жәрмеңке елордамен бірге Республика күні аясында ұйымдастырылған.

РКС: Бүгінде Ақмола облысының 130-ға жуық кәсіпорны елорда нарығын ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді. Күн сайын Астанаға ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн және басқа да тағам түрлері жеткізіледі. Бұл — өңір аграршыларының еңбегінің нәтижесі әрі елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ