ДИКТОР: “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясындағы “Менің өлкем” жобасы Шағалалы ауылында өз жалғасын тапты. Ауылдың білім ордаларының маңында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жас көшеттер отырғызылды. Шара облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының қолдауымен ұйымдастырылған.

РКС: Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі іске мектеп ұжымы мен колледж студенттерінен 100-ге жуық адам белсене қатысты. “Таза Қазақстан” акциясы осындай бастамалар арқылы ел азаматтарын табиғатты қорғауға, туған өлкесін гүлдендіруге үндейді. Мұндай шаралар ауылдың экологиялық ахуалын жақсартып, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі,-дейді қатысушылар.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл акцияның ең басты мақсаты колледж студенттеріне, Шағалалы ауылындағы барша жастарға ағаш отырғызу, өзімізден кейінгі ұрпаққа қалатын өнег мұра қалдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таза Қазақстан акциясында осындай әртүрлі ағаш отырғызу акциялары, көгалдандыру және әр уақытта абаттандыру жұмыстарын жүргізуді қолға алып отырмыз. Мұндай акциялардың саны әрі қарай артады деген ойдамыз.

РКС: Шара үш аумақты қамтыды. Алдымен колледж аумағында акцияның ашылу рәсімі өтіп, қатысушыларға экологиялық маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан кейін дәл осы жерде 50 түп акация және терек көшеттері отырғызылды.

СНХ: ҰЛПАН ҚҰРТБАЕВА, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл акцияға жалпы біздің коллежден 45 бала қатысып жатыр. Ол үш топ студенттері. Негізі осындай акцияларға белсене қатысады біздің студенттер. Коллеждің маңайында көп егілген ағаштар бар. Қайын ағаштарынан басқасының барлығын біздің студенттер еккен. Өздері коллеж бітіргенен кейін келіп, ағаштардың өздерінің бойынан ұзын екенін көріп, таңқалып алғыстарын білдіріп жатады.

РКС: Мектеп аумағында да көгалдандыру шарасы кең ауқымда өтті. Оған 80-ге жуық жоғары сынып оқушылары мен мектеп ұжымы белсене атсалысты. Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі істе оқушылар ерекше ұйымшылдық танытты.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ШАҒАЛАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Таза Қазақстан» – елімізде тазалық пен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық акция. Біздің мектептің ұстаздары мен оқушылары да бұл акцияға белсене қатысуда. Бүгін бізде 80 адам — педагогтар мен жоғары сынып оқушылары — терек ағаштарын отырғызуға шықты. Жалпы, келесі жылы мектебіміздің 65 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Бұл — сол айтулы шараға дайындықтың жақсы бастамасы болып отыр.

РКС: Шағалалы ауылында бүгінде 3000-ға жуық тұрғын бар. Ауылдың білім ордаларында мыңға тарта оқушы білім алуда. Осындай игі бастамалар мен экологиялық акциялар ауылдың көркін кіргізіп қана қоймай, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыра түседі. Қатысушылардың айтуынша, отырғызылған бұл 100 түп ағаш — игі істің тек бастамасы ғана. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ