ДИКТОР: Астрахан ауданының Камышенка ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің салтанатты ашылуы өтті. Негізгі инфрақұрылымдық жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл маңызды оқиға «Күшті өңірлер – ел дамуының қозғаушы күші» атты ұлттық жобаны жүзеге асырудың нәтижесі болды.
РКС: Сумен жабдықтау желілерін салу жобасы екі жыл бойы жүзеге асырылды. Жаңа коммуникациялардың жалпы ұзындығы 28 километрден асты. Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің айтуынша, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.
СНХ: ТАЛҒАТ ЕРСЕЙІТОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл – тарихи оқиға. Камышенка ауылының тарихында осындай ұйымдастырылған су құбыры болған емес. Қазір тек Қамышенкада ғана емес, Первомайка ауылында да жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы барлық жұмыстар жалғасуда. Бұл – біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы екенін тағы бір мәрте атап өткім келеді.
РКС: Толқу мен қуанышты ауыл тұрғындары да сезінді. Омар Мейірманов мұнда 70 жылдан бері тұрады. Осы уақыт ішінде ауылға су жеткізілген жоқ. «Суды көрші елді мекеннен таситынбыз», – дейді ауыл тұрғыны.
СНХ: ОМАР МЕЙІРМАНОВ, КАМЫШЕНКА ТҰРҒЫНЫ: Осы ауыл – менің туып-өскен жерім. 70-ке келдім. Осы ауылда өмір сүріп келеміз. Осы уақытқа дейін су нашар болды. Ащы су. Ащы сумен өстік кішкентай кезімізден.
РКС: Жаңа су құбырының іске қосылуы 800 тұрғынға сапалы ауыз суға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, тұрақты сумен жабдықтау жүйесінің болуы өмір сапасына оң әсер етіп, ауылдың одан әрі дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.