ДИКТОР: Макинск қаласында бірден екі маңызды нысан, яғни теміржол вокзалы мен қалалық орталық саябақ жаңғыртылуда. Бұл жобалар ауданның инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.

РКС: Өңірде 16 теміржол вокзалы ауқымды жөндеуден өткізілуде, соның бірі – Макинск қаласындағы вокзал. Аумағы 345 шаршы метрді құрайтын бұл нысан 1950 жылы пайдалануға берілген және соңғы 20 жыл бойы жөндеу көрмеген. Енді вокзал жаңартылып, заманауи көрініске ие болмақ.

СНХ: ДУМАН ЖҮНІСОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Осы күнде бізде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс алаңына 30-40 адам жұмылдырылған. Бұйырса осы жылдың аяғына бітіруге деп тырысып жатырмыз. Бізде келесі жылға перрон жолдары жұмыстары жалғасады. Қазіргі таңда бізде сыртқы қасбеті біткен. Жабыны бітті. Қазір абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар ішкі жұмыстар да жүріп жатыр. Су құбыры, жылу, бәрі кіргізілген. Жоба бойынша жаңа материалдар қолданылады заманауи.

РКС: Сондай-ақ, Макинск қаласында орталық саябақты абаттандыру жұмыстары да қарқын алуда. Жаңа демалыс орнының ашылуын тұрғындар да асыға күтуде.

СНХ: КҮСТАЙ ТОКУБАЕВА, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Біздерге пенсионерлерге жақсы болды, осылай күнде шығып, қыдырып шығамыз далаға, осы парктің жасалып жатқанына бәріміз қуанамыз. Күнде келіп, қарап кетіп отырамыз, қандай жұмыстар болып жатыр деп. Еңбектері жемісті болсын. Осы Макинкада тұрып жатқаныма 25 жылдай болып қалды.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ЖАҚЫПБАЕВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ: Асфальттау полный 100 процент бітті. Беговой дорожка бітті. Светильник бір аптада қосылады. Мұның ішінде игровойлар болады, беседкалар, сахналар болады. Сол жаңа жылда өткіземіз бәрін.

РКС: Енді жақын арада аудан тұрғындары жаңартылған нысандардың игілігін көре алады. Бұл жобалар тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, аудан инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ