ДИКТОР: Ақмола облысының негізгі салаларында экономикалық өсім байқалады. Бұл туралы әлеуметтік-экономикалық жөніндегі кеңесте айтылды. Ауыл шарушалығындағы жоғары көрсеткіш жыл соңына дейін сақталмақ. Биыл ақмолалық диқандар 7,6 миллион тонна астық жинап, рекорд орнатты. Осылайша, инвестиция тарту бойынша елімізде көш бастап тұр.

РКС: Биыл өңірде тракторлар, мамандандырылған және арнайы көліктер мен ет, өсімдік майы, сүт өндірісі артқан. Ауыл шаруашылығы саласының жақсаруы мен дамуына «Кең-Дала 2» бағдарламасы ықпал етті. 930 фермер 118,5 миллиард теңге субсидияланған қаржыландыру алып, 2 мыңға жуық техниканы жаңартты.

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлық дайындық агротехникалық шараларды дер кезінде және сапалы түрде жүзеге асырды, қыс мезгілінде 1 миллион 100 гектар алқапта қар тоқтату жұмыстары жүргізілді, бұл топырақтағы ылғалды тиімді жинауға мүмкіндік берді 3 миллион гектардан астам баллға. Гектардан астам алқапта ылғал жабу жұмыстары атқарылды, егіс алдындағы өңдеу 2 миллион гектар алқапта жүргізілді, бұл өткен жылдық көрсеткіштен 3 есеге артты, егіс науқаны аяқталғаннан кейін облыс аграрлары биылғы жылдың өнімін қорғау бойынша қарқынды жұмыстардан.

СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауыл шаруашылығы саласында өсім 6,2 проценттен 8,9 процентке, яғни 77 млрд.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өсімдік шаруашылығы өнімдерінің артуының арқасында жүзеге асты. Мал шаруашылығында өсім 2,9 процентті құрап отыр. Ет өндірісінің 4,7, сүт өнімі 1,1, құс еті 6,7 және қой мен ешкі еті 0,7 процентке артты. Өндіріс көлемін арттыру үшін биыл агроөнеркәсіптік кешенде 20 инвестициялық жоба жоспарлануда.

РКС: Жыл басынан бері аймақтың әлеуметтік-экономикалық бағытын дамыту үшін 556,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Инвестициялық белсенділік өңірдің барлық аудандарында байқалып отыр. Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру арқылы инсвестицияның өсімі байқалады. Облыс басшысы Марат Ахметжанов аудан және қала әкімдеріне бюджетті тиімді пайдаланып, құрылыс жобаларының мерзімі мен сапасын баса назар аудару қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, елдімекеннің дамуына жергілікті атқарушы органдар жауапты екендігін жеткізді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ