ДИКТОР: Өңірде Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында волейболдан солтүстік өңірлік спартакиада өтіп жатыр. Жарыста 80-нен аса қатысушы өзара бақ сынасуда. Спартакиадаға Петропавл, Астана және Көкшетау қалаларындағы мектеп оқушылары келді.

РКС: Мектептер жарысқа құрама командаларымен қатысуда. Алаңға 9-шы және 10-шы сыныптардан төрт оқушыдан шығады. Жарысқа ұлдар да, қыздар да қатысуда.

СНХ: АЯНАТ АЙДОСҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл спартакиадаға қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Осы мектептің ұжымына үлкен ризашылығымызды білдіреміз, себебі олар бізді жылы қарсы алып, ерекше қонақжайлылық танытты. Командамыз бұл жарысқа жақсы дайындалды және тек жеңіске жетуді мақсат етеміз. Мұнда атмосфера керемет, барлық командалар мықты.

СНХ: МЕРЕЙ ӘМЕТХАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы волейболды 7-ші сыныптан бері ойнаймын. Өте қатты жақсы көремін. 7-ші сыныптап бері жаттығып келе жатырмын. Осыған дейін менде 2 состав болды. Екі құрамы ішінде – бұл 10-11-ші сыныптар аралығында және 9-10-ші сыныптар аралығында осы 2 состав болды. Мен сол 2-ші составда ойнаған болатынмын. Және 2-3 құрамамен осы спартакиадаға қатысайын деп отырмын енді. Осы спартакиадада жеңеміз деп ойлаймын. Бізге жеңіс, қалғандарына сәттілік тілеймін. Басқа құраманың ойыншыларымен біз таңысып, достастасып кетеміз деп ойлаймын.

РКС: Жарыс алаңында көтеріңкі көңіл-күй орнаған. Көптеген оқушылар мен мұғалімдер бұл шараға белсене қатысуда. Жарыстың алғашқы күні қатысушылар үшін шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Спартакиада – оқушылар үшін салауатты өмір салтының мерекесі ғана емес, күзгі демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу мүмкіндігі.

СНХ: ЕРКІН БОРАНБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Көкшетауда аймақтық кезең өтіп жатыр Спартакиаданың. Ол солтүстік аймақ. 5 команда қатысып отыр. Астананың 3 мектебі, Петропавл мектебі және біздің Көкшетау мектебі. 3-4 жыл өтетін жарыс бұл. Сондықтан әр команда дайындалып, осыған келіп отыр. Бәрі команда жеңуге үміттеніп отыр. Өйткені 1-ші, 2-ші орын алған командалар әрі қарай финалдық кезеңге баратын болады.

РКС: Өңірлік спартакиада қазанның 28-і мен 30-ы аралығында өтеді. Үздік командалар өз мектептерінің намысын жарыстың финалдық кезеңінде қорғайтын болады. Финал Шымкент қаласында қысқы демалыс кезінде өтеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ