ДИКТОР: Макинск қаласында реновация бағдарламасы аясында 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Айта кетейік, жаңа баспана көктемгі су тасқынынан зардап шеккен, үйлері апатты деп танылған 60 отбасыға берілмек. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Бұл Макинск қаласында реновация бағдарламасымен бой көтеріп жатқан алғашқы үйлер. Жоба «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Құрылыс қарқыны жоғары: мердігер ұйым жаңа баспаналарды жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр.
СНХ: АЛМАЗ СӘЛІМ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Шілденің 1-інде екі блоктан тұратын 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 16 желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Қазір терезе орнату, ішкі әрлеу, еденді тегістеу және шатыр монтаждау жұмыстары қатар жүргізілуде. Барлығы белгіленген кестеге сай орындалуда.
РКС: Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген соң, 60 пәтер апатты деп танылған баспаналардың тұрғындарына табысталмақ. Ал қалғаны Макинск құс фабрикасы мен жылу оқшаулағыш зауыты өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында сатып алып отыр.
СНХ:САМАТ ЖҮСІПОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бір үй реновация бағдарламасы аясында, баспаналары апатты деп танылып, кезекте тұрған отбасыларға беріледі. Екіншісін жеке секторға сату көзделген.
РКС: Бұған қоса аудандағы ауқымды өзгерістер жалғасуда: қаланың сәулеттік келбетін жаңарту, жаңа спорт және балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ