ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша жылу беру маусымы басталғалы бері 45 өрт оқиғасы тіркелді. Оның басым бөлігі электр жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық пайдалану талаптарының сақталмауынан туындаған.

РКС: Жыл сайын жылу беру маусымы кезінде облыста тұрғын үйлердегі өрт саны едәуір артады. Жекеменшік секторда пешті дұрыс пайдаланбаудың соңы қайғылы оқиғаға да әкеліп жататыны өкінішті. Тұрмыстық өрттердің алдын алу және жылыту кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Ағымдағы жылы жылыту маусымындағы өрттердің негізгі себептері – электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану кезінде қағидаларын бұзу – 29 жағдай, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу – 8 жағдай. Халықтың отпен абайсыз әрекет етуі – 5 жағдай, өздігінен тұтану – 2, және өзге де себептері 1 жағдай тіркеліп отыр.

РКС: Әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылардың үйлеріне түтін мен өрттің алдын алу мақсатында улы газға арналған датчиктер орнатылуда. Осындай 6 құрылғы Степногорск қаласында, сондай-ақ Астрахан, Есіл, Зеренді, Бұланды және Біржан сал аудандарында қойылды.

СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі таңда әлеуметтік осал топтағы отбасыларға өте жоғары назар аударамыз. Олардың шамамен 900 пеш мұржасы тазаланып, 11 мыңнан астам датчик орнатылды және тағы да 1,5 мыңға жуық датчик орнатуға жоспарлап отырмыз. Соңғы 3 жылда көміртек тотығының 7 датчигі 6 ауданда іске қосылып, 30 адамның өмірі құтқарылды. Тұрғын үй қорларында 1 мыңнан астам үгіт-насихаттық материалдар таратылды. Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлер аумақтарынан арнайы техниканың өтуіне кедергі келтіретін 25 қондырғы алынып тасталды.

РКС: Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, электр сымдарының жарамдылығын тексеру және балаларға тұрмыстық жылыту құрылғыларын өз бетінше пайдалануға жол бермеу қажеттігін ескертеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ