ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі облыстық мемлекеттік архив ұйымдастырған «Ерлік елге мұра! Ұрпаққа ұлағат!» атты фотоқұжатты көрмесі.
РКС: Көрмеде жеңіс үшін күрес жылдарындағы ақмолалық батырлардың ерлігін баяндайтын құжаттар, соғыс жылдарындағы және бейбіт замандағы фотосуреттері мен ерен ерліктері үшін берілген ордендер мен медальдар көрініс тапқан. Шараға майдангерлердің ұрпақтары, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен колледж студенттері қатысты.
СНХ: ӘСЕМ ӘЛДИБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Осындай бізге бейбіт өмір сыйлаған батыр ағаларымыздың ерлігін насихаттау. Жас ұрпаққа үлгі ретінде, осы кісілерге қарап сарбаздарымыз, курсанттар, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтар, студенттер, оқушылар үлгі алсын деген мақсатта өткіземіз. Қанша жыл өтсе де, соғыста көрсетілген ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оны мақтанышпен айтып отырамыз. Және біздің архив мамандарының басты мақсатының бірі осы-өскелең ұрпаққа тарихты жеткізу.
РКС: Архив құжаттарында майдангерлердің Жеңіске қосқан үлесі ерекше айқындалған. Шараға соғыс ардагері Рақымжан Сансызбаевтың ұрпақтары қатысып, тың мәліметтермен және естеліктерімен бөлісті.
СНХ: ҚОРҒАНБЕК РАҚЫМЖАНҰЛЫ, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰЛЫ: Әкеміз бұл күнді көрмей кетті. Біз көріп жатырмыз. Бізге Жеңіс әкелді. Ол кісілерге мың алғыс. Осылай бізге өмір сыйлағанына, біз ұрпақ өсіріп отырмыз, ұрпақ жалғастырып осы кісілердің арқасында. Ұрпағымыз аман болсын. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын.
СНХ: АЙТЖАН СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МАЙДАНГЕРДІҢ КЕЛІНІ: Бұл кісінің материалдары облыстық өлкетану музейінде, одан қалды, қалғанын осында да бердік. Осында сақтаулы. Біз оған қуаныштымыз. Осы ұжымға рахмет айтамыз.
РКС: Ардагерлер сұрапыл майдан даласында от пен оқтың арасында жүріп, бүгінгі бейбіт өмір сыйлаған асыл жандар. Олардың ерен еңбегі өлшеусіз. Демек, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес, қашан да ел жадында. Осындай іс-шара арқылы жастардың бойына Отаншылдық қасиетті сіңіру. Отан үшін жан беріскен жауынгерлердің айбыны мен олардың ерлігін паш ету. Біздің көздегеніміз осы,-дейді ұйымдастырушылар.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ