ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына орай әскери әндердің фестивалі өтті. Байқауды Көкшетаудағы №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының мұғалімдері ұйымдастырды. Аталған фестивальге білім ошағының жоғары сынып оқушылары қатысты.
РКС: Көрермендер бір сәтке болса да соғыс жылдарына түскендей әсерде болды. Сахнада кезінде майдангерлердің жүрегін жылытқан әуендер орындалса, экранда сол жылдардың ақ-қара түсті кадрлары көрсетілді. Сарбаздардың майдан шебіндегі келбеті, қоштасу хаттары, жан жарасы мен көздеріндегі жарқын болашаққа деген үміт.
ИНТЕРШУМ: әскери кезеңнің кадрлары
СНХ: АНАР ОРАЗЫМБЕТОВА, №5 «ТАҢДАУ» КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған шараны біз әскери-патриоттық тәрбие, Отанғағ тарихқа, халықтың мәдениетіне деген құрметті арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау тұрғысында ұйымдастырып жатырмыз.
РКС: Оқушылар сұрапыл жылдардың символына айналған әндерді шырқады. «Тучи в голубом», «Прощание славянки», «Журавли», «Катюша», «О той весне» әндері сол кезеңді көз алдыңа елестетеді.
ИНТЕРШУМ: «Тучи в голубом» әні
СНХ: НҰРАЙЫМ ЖАРОВА, №5 «ТАҢДАУ» КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Дәл осындай шара тек біздің мектебімізде ғана өткізіледі. Сол үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Бұл біздің дәстүрімізге айналған десек болады. Оған әбден үйреніп алғанбыз, күтіп жүреміз. Әскери рух береді. Отаншылдық сезіміміз оянғандай.
СНХ: МИРАС ТЕМІРЖАНОВ, №5 «ТАҢДАУ» КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мұндай шараның маңызы зор деп білемін. Рухты көтереді. Өйткені оның бәрі естелік. Біздің мектеп үшін өте құнды әрі бірегей.
РКС: Фестиваль сазды байқау ғана емес, естелік пен патритизмнің шынайы сабағы болды. Бір минут үнсіздікпен Отан үшін жанын пида еткен батырлар еске алынды. Шара соңында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, барлық қатысушыға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ