ДИКТОР: Шағалалы су қоймасының жағалауындағы аумақты тазартуға байланысты ауқымды акция өтті. Оған Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Көкшетау қаласы бойынша табиғатты қорғау полициясы, сондай-ақ Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамы қатысты.

РКС: Ақмола облысында су айдындарын тазарту акциясы өтуде. Оның мақсаты жағалауды тазарту ғана емес, сонымен қатар су айдындарының экожүйесін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

ИНТЕРШУМ: тазалау

СНХ: ЕРЛАН ҚОСМАҒАНБЕТОВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2 мамырдағы жағдай бойынша Есіл бассейнінің су айдындарында шамамен 16 тонна қоқыс жиналды. Су бетінен 6 мың метрлік 79 иесіз балық аулайтын тор тәркіленді. Бұл акцияға 100-ден астам адам және 50-ге тарта техника жұмылдырылды. Бұл акция мамырдың соңына дейін жалғасады.

РКС: Мұндай іс-шаралар балық қоры мен су ортасын сақтау жұмыстарының бір бөлігі. Судағы қоқыс табиғатқа ғана емес, адамдардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

СНХ: ШАЙМҰРАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, ҚОРЫҚШЫ: "Таза су айдындары" бұл су қоймасының бүкіл аумағын тазалауды қамтиды, өйткені алда демалыс маусымы, балықшылар, демалушылар осы жерге келеді.

РКС: Мұндай акциялар тек бір реттік науқан емес. Бұл туған өлкенің табиғатын ұзақ мерзімді сақтауға қосқан үлес деп қабылдау қажет. Ұйымдастырушылар демалушылардың өздері табиғатқа мұқият қарайды деп үміттенеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ