ДИКТОР: Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен "Гормолзавод" серіктестігінде қызмет етіп жүрген жұмысшы жастармен кездесу өтті.

РКС: Кездесу барысында жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат берілді. Қандай байқаулар бар екені таныстырылды және алдағы уақытта тығыз байланыста болу айтылды. Бұдан бөлек, бұл кездесуде Отбасы Банкінің консультанттары сөз сөйлеп, жұмысшы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді.

СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КЕҢЕС БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Көкшетау қаласының кәсіпорындары бойынша бұл төртінші кездесу. Кездесудің мақсаты жастарға қандай Мемлекеттік бағдарламалар, қандай конкурстар, жобалар бар екенін түсіндіру. Жастарды әрдайым кез келген бастамаларында қолдайтын жастар ресурстық орталығы бар екенін көрсету.

РКС: Аталған кәсіпорында жыл сайын жастардың қатары артуда. Бұл серіктестікке оң нәтиже беріп, жастарға барлық жағдай жасалып отырғанының бірден бір көрінісі.

СНХ: БОТАГӨЗ КЕНЖАЛИНОВА, "ГОРМОЛЗАВОД" ЖШС САПА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мен осы гормолзаводта 3 жылдан артық жұмыс жасаймын. Ең бірінші келгенде микробиолог болып жұмыс жасағанмын. Қазіргі кезде лауазымым көтеріліп, "Начальник отдела качества" болып тағайындалдым. "Гормолзаводта" жастарға жұмыс істеуге барлық жағдай жасалынған. Жалақы өз мерзімінде лайықты беріледі. Осы жерде тамақтанамыз тегін. Автобус алып келеді, алып кетеді. Сондықтан егер жастар келіп жұмыс жасаймын десе, нақты келуге болады. Себебі жастардың жұмыс істеуіне жағдай 100% бар деп айта аламын.

РКС: Кездесу соңында «Гормолзавод» серіктестігінің белгілі бір жетістікке жеткен, тәжірбиесі бар жастары марапатталды. Айта кетейік, оосындай шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ