ДИКТОР: Ақмола облысында 560 денсаулық сақтау ұйымы халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Аймақта 12 мыңнан астам ақ халатты еңбек етуде. Олардың кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық көпсалалы ауруханасында салтанатты іс-шара өтті.
РКС: Шараға жиналғандарды облыстық көпсалалы ауруханасының директоры Нұрлан Жаров кәсіби мерекемен құттықтады. Әріптестерінің еңбегінің қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің дамуына баса назар аударылып жатқанын жеткізді.
СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінде біз өңірдегі ең ірі әрі аса маңызды медициналық ұйымға айналдық. Жоғары сапалы технологиямен жабдықталған, әрі білікті мамандардан құралған ұжымбыз. Біздің ұйымшыл ұжым облыс халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолында табысты жұмыс атқарып келеді.
РКС: Мерекелік шара аясында өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан мекеменің үздік қызметкерлері марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ресми бөлімнен кейін дәрігерлерге концерттік бағдарлама ұсынылды. Аурухана ұжымы өз өнерлерін ортаға салып, әріптестерін осылайша ерекше құттықтады.
СНХ: НАТАЛЬЯ СОКОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгін біздің бәріміз үшін ерекше күн. Кәсіби мерекеміз жақындап келеді. Бүгін еңбегіміз басшылық тарапынан еленіп жатыр. Өз көңілімізді өзіміз көтерейік деп осындай шағын концерт дайындадық.
СНХ: ОЛЬГА ЛЕСЕЧКО, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгін осындай шараның өткізіліп жатқанына ризамыз! Әріптестерімізбен қашан да кездесуге асығып тұрамыз. Бұл мереке осы сала мамандарының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Ауруханада өз күшімізбен концерттер жиі өткізіп тұрамыз. Арамызда сегіз қырлы, бір сырлы жандар өте көп. Осындай дарынды жандармен әріптес болғанымды мақтан тұтамын.
РКС: Мерекелік кештің соңы медицина қызметкерлерінің әнұранымен түйінделді. Айта кету керек, бұл гимннің сөзін жазған көкшелік дарын Көшек Сәменов.
ИНТЕРШУМ:
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ