ДИКТОР: "Сиреневый сад" тұрғын үй кешенінің жүзден астам үлескері Қосшы қаласы күніне орай пәтерлерінің кілтін алады. Сақалды құрылысқа айналған үйдің барлық жұмысы бір жарым айдан кейін аяқталады. Алғашқы салымшылар жобаға 2013 жылы қатыса бастады. Қосшыдағы үлестік құрылыстың өзекті мәселесі біртіндеп шешілуде. Ол жергілікті инвестор компаниямен жасалған келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. Жас қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынымен жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.
РКС: "Сиреневый сад" және "Diamond Park" тұрғын үй кешендерінің құрылысы 2014 жылы басталғанымен аяқсыз қалған еді. Былтыр облыс басшылығы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Көкшетаудағы компания құрылыс жұмыстарын өткен жылдың қазанында бастады.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ТҰРМАҒАМБЕТОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Қазір кірпіш қалау толығымен аяқталды. Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілерді тартып жатырмыз. Нысанда 450 адам жұмыс істейді. 15-ке жуық арнайы техника жұмылдырылған.
РКС: «Сиреневый сад» тұрғын үй кешені 4 үйден тұрады. 543 пәтер бар. Қолға алған компания 26 шілдеге дейін пайдалануға беріледі. Оған жүзден астам үлескерлер қоныстана алады. Шаһарда зардап шеккен 558 салымшы бар. Үлестік құрылыс мәселесі менің жеке бақылауымда, - деп атап өтті аймақ басшысы.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрылыс қарқыны жаман емес. Үлескерлер 12 жыл күтті. Амандық болса енді үміттері ақталып, жуырда баспаналарына кіреді. Бұл жерді аяқтаған соң, келесі құрылысқа көшеміз. Келесі үлескерлер "Diamond Park" тұрғын үй кешенінен. Ақмола облысынан шыққан өзіміздің компаниялар жақсы қарқынмен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, реновация бағдарламасы бойынша Көкшетауда құрылыс қарқын алған. Ол жерде 231 пәтер тапсырылады.
РКС: Қосшыда тұрғын үй құрылысынан бөлек, заманауи көпсалалы аурухана да салынып бітуге жақын. Жобада 350 төсек орынға арналған стационар, бір ауысымда 1 мың келушіге арналған емхана мен операциялық блок бар. 28 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Қазір жұмыс кестеден озып келеді.
СНХ: ЖОЛАМАН ЕСКЕНДІРОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Қазір учаскеде 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 20-дан астам техника тартылды. Емхана ғимаратында, стационарда және операциялық блокта жалпы құрылыс жұмыстары аяқталды. Ғимаратқа кіреберістің жұмыстары орындалуда. Емхананың ішіне жарық енгізу, сантехника мен желдеткіш орнату жұмыстарына кірістік. Келісім-шарттар жасалып, қазір шатырын жабуды бастадық. Жер астымен өтетін барлық инженерлік коммуникация ғимаратқа тартылды. 20 шақты күннен кейін маңайын абаттандыруға кірісеміз.
РКС: Жаңа емхана биыл ашылады, ал стационар келер жылы қолданысқа берілмек. Жоба 1 мыңға жуық жұмыс орнын құрады. Ең бастысы адамдардың денсаулығына үлес қосу маңызды. Жаңа мекеме Қосшыда және Елорда маңындағы 7 аудандағы медициналық көмектің тапшылығын шешеді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.