ДИКТОР: Маусымның үшінші жексенбісі - медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Өзінің өмірінен гөрі өзгенің тағдырын бірінші жолға қойған абзал жандар қандай құрметке болса да лайық. Дәрігер болу жүректің ісі деген тәмсіл бар. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Соның 12 мыңнан астамы Ақмола облысында еңбек етіп жатыр. Кәсіби мереке қарсаңында аймақ басшысы Марат Ахметжанов Гиппократтың антына берік жандарды жиып, ұлт саулығына өлшеусіз үлес қосып жүргендерді марапаттады. Салтанатты шарадан тілшіміз Жанар Мұқышева баяндайды.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Аймақта ұлт саулығын сақтау мен нығайту жолында өлшеусіз үлес қосып жүрген медицина қызметкерлері аз емес. Бүгінде облыс аумағында 12 мыңнан астам денсаулық сақтау саласының маманы қызмет етуде. Олардың жоғары біліктілігі мен жанқиярлық еңбегі мыңдаған адамның өмірін аман сақтап келеді. Салтанатты шара барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов Гиппократтың антына адал жандарды кәсіби мерекемен құттықтап, қоғам игілігі жолындағы еселі еңбектері үшін алғысын жеткізді. Аймақ басшысы, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлердің де еңбегін ерекше атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ұлт саулығы мемлекетімізідің саясатының аса маңызды бағыты. Бүгін Ақ Ордада өткен үлкен жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлері ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандықтың иелері, бір адамның құтқару – барша адамзатты құтқарумен бірдей олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз деп Президентіміз айтып кетті. Бүгін аймақтың денсаулық саласында ауқымды оң өзгерістер орын алуда. Жаңа ғимараттар салынып, емдеу мекемелері жөнделуде. Заманауи автокөліктер сатып алынуда. Заман талабына сай технологиялар енгізілуде. Осының бәрі халыққа сапалы қызмет көрсетудің өз нәтижесін беруде. Жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі де артып келеді. Баршаңызды бүгінгі кәсіби мереке медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Салтанатты шара барысында қызметіне адал, еліне жанашыр, ұлт саулығына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала майталманы марапатталды. Оларға “Еңбек ардагері”, “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төсбелгісі мен Ақмола облысы әкімінің алғыс хаты табысталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АСХАТ ҚҰДАЙҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ №2 КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз бүгін үлкен құрмет, төсбелгі алып отырмыз. 9-шы май қарсаңында Аршалы ауданында Астана қаласының тұрғыны қатты қан кетумен аурыханаға түсті. Кейін біздің әріптестер сол жерде операция бастап, бір сағаттан кейін біз көмекке барып, 14 сағат бойы 4 рет жүрек тоқтауы болып, әйелде 5 литрден көп қан кетіп, соның өмірін сақтап қалдық. Ол өте үлкен еңбек, тек ғана біз емес, медбикелер, санитар қызметкерлері, бәрінің жасаған қызметі. Әріптестерімізбен істейтін жұмыс әрқашан алға баса берсін. Бүгінгі күні барша медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймын! Зор денсаулық, әрқашан алда болсын!

СНХ: ЕВГЕНИЯ КОТЕНКО, БАЛАЛАР МЕЙІРБИКЕСІ (АТБАСАР): Медицина саласында 41 жыл еңбек етемін. Бүгін денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерім үшін медальмен марапаттады. Еңбегімді бағалап, алған марапатыма лайық деп танығаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Ең алдымен, баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке, әрі біздің қиын да абыройлы еңбегімізде табыс тілеймін.

РКС: Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ