ДИКТОР: Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі Аумақтық әскерлер күні. Ол 2017 жылдың 13 маусымында құрылды. Бүгінде олардың негізін «резервтегі әскери бөлімдер» ретінде ұсталатын әскери құралымдар құрайды. Айтулы мереке күні Көкшетауда қаласында салтанатты жиын өтті. Бұл күн – еліміздің қорғаныс саласындағы құрылымдардың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі мен ерлігін ұлықтайтын ерекше мереке. Өңір басшысы Марат Ахметжанов арнайы іс-шара барысында жергілікті қорғаныс бөлімшесіне 5 әскери көліктің кілтін табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Салтанатты іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің қызметкерлері қатысты. Бұл — облыстың қорғаныс саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталған қадам. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі әскери қызметкерлердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін ерекше атап өтті.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Аумақтық әскер құрылғаннан бері сіздерге халықты, объектілер мен коммуникацияларды жаудан, диверсия мен лаңкестік әрекеттерден қорғау бойынша маңызды міндеттер жүктелді. Жылдың аяғына дейін бригаданың кәсіби кадрлармен жабдықтау біздің басты міндетіміз. Бригаданың қажетті инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін әскери қалашық құрылысын жобалау және одан әрі салу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. «Шындық» бағдарламасы шеңберінде бригаданың материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлы түрде іске асырылуда. Аумақтық қорғаныс күштері жергілікті орындарды қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету басты роль атқарады. Олар төтенше жағдайларда бірінші болып көмекке келеді.Стратегиялық объектілер күзетін қамтамасыз етеді. Құқықтық тәртіпті қолдау мен халықты қорғауға қатысады. Баршаңызға табыс, мықты денсаулық, жоғарғы жауынгерлік рух, қызметте сәттілік, еліміздің даму жолындағы жоғары кәсіби жетістіктер мен амандық тілеймін. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

РКС: Сөз алғандар қорғаныс істері органдарының ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше ролін атап өтті. Әсіресе, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мен патриоттық рухын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы ерекше айтылды. Қорғаныс – әр азаматтың қасиетті борышы. Бүгінгі шара – осы ортақ міндеттің маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтады. Сонымен қатар, аймақ басшысы Марат Ахметжанов аумақтық қорғаныс басқармасына берілген көліктердің техникалық жағдайымен де танысты. Айта кету керек, бұл техника Көкшетауда шығарылған.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл техника өзін сын сағаттарында көрсетті қуаттылығын. Осындай бүгінгі талаптарға сай екендігін.Сондықтан да біздің жауынгерлер осындай арнайы,замануи техникаларға ие болғанына өте қуанып тұрмыз.

РКС: Жаңа техникалар жергілікті әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ауыр техника алыс қашықтықтарға жүктерді тасымалдау мен арнайы тапсырмаларды орындауға бейімделген. Бұл техника кәсіби міндетімізді сапалы әрі уақытылы орындауға сеп болары сөзсіз-дейді қызметкерлер.

СНХ:АБЗАЛ ЖЕТЕНОВ, 9965 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Бүгін аумақтық әскерлер күні құрылғанына орай осы әкери бөлімге арнайы әскери техникалармен қамтамасыз етіліп отыр.Олардың ішіндегісі 2 вахталық арнайы адамдарды тасу үшін КАМАЗ және 2 тентті әскери мүліктерді тасымалдау үшін арналған КАМАЗ.Ерекшеліктерін айтып кететін болсақ, бұл арнайы қорғаныс решеткаларымен терезелері жабыдқталған. Және де суытқыш кондиционерлермен жабдықталған.

РКС: Қорғаныс саласын дамыту жұмыстары өңірде алдағы уақытта да жалғасады. Мерекелік жиын соңында аймақ басшысы ел қорғанысы жолындағы қажырлы еңбектері үшін бірқатар қызметкерге алғыс хат табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ