ДИКТОР: Оңай жолмен табысқа кенелемін деп, артынан сан соғып қалғандар қатары көбеймесе, азаяр емес. Мәселен, өткен жылы өңірде 206 адам қаржы пирамидаларының айласына түскен. Оларға жалпы сомасы 101 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Жыл сайын қаржы пирамидасының жаңа түрлері белең алып барады. Ғаламторда отырып, жұрттың жылдар бойы жинағанын әп-сәтте соқыр тиынына дейін қалдырмай қағып алатын алаяқтарға қарсы шаралар күшейгенмен, жылтыр дүние мен қызыл ақшаға қызығып, опық жегендер қатары толастамай тұр. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға негізінен жылжымайтын мүлік, көлік, тұрмыстық заттар сатып алу үшін қаражат салуды ұсынады. Өткен жылы осындай қаржы пирамидасының белгілері бар 12 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Ақша алаяқтарына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өткен жылы департаменттің өндірісінде 4 қаржылық пирамиданы құру, басқару және жарнама жасау фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қаржылық пирамидалары бойынша сотқа жіберілді. Аталған қаржылық пирамидалардың қызметіне 206 адам тартылды. Тартылған қаржылық қаражаттың жалпы соммасы 101 млн теңге. Келтірілген залал 83 млн теңгені құрды. Тергеу барысында 4 млн теңге өтелді. Күдікті тұлғалардың мүлкіне 22 млн теңге мөлшерінде тыйым салынды. Аталған қаржылық пирамида істері бойынша 3 сот үкімі шығарылып, заңды күшіне енді. 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Соттағы таңы 2 іс қаралуда. Заңды күшіне енген үкімдер бойынша қаржылық пирамида істері бойынша сотталғандардың мүлігі мен ақшалай қаражаты мемлекет кірісіне тәркіленіп, сомасы 10 млн теңгені құрады.
РКС: Қаржылық пирамида өздерін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс табуға уәде береді. Мәселен, былтырғы қылмыстық істердің бірі «Chia-Tai» қаржы пирамидасы өзін қытайлық фармацевтикалық компания ретінде танытқан. Салымшыларға минималды 200 мың теңге салым үшін жылына 700%-ке дейін табыс уәде етілген. Мамандар қаржылық алаяқтардың айласына түспес үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.
СНХ: МИРАС МҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Негізгі белгілері тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету, жаңа клиенттерді тарту, интернетте жарнама жасау, компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі, шартты жасаспауы, салымшыларды қолма-қол ақшамен криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қаржы мониторингі аггентігімен жүргізіп жатқан привинтивті жұмыс шеңбері экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды күресуге бағытталған «Байқа пирамида» және АФМ инсайдер сияқты телеграмм боттары әзірленіп іске қосылды. Агенттікке алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылардың санын қысқартуға бағытталған қаржылық пирамидалардың қарсы-іс қимыл арнайы жобасы енгізілді.
РКС: Былтыр интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталып, оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат, 400-ден астам контент бұғатталды. Айта кетейік, қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ