ДИКТОР: «Новопэк» серіктестігінде жұмысшы мамандықтары жылына орай кездесуі өтті. Онда осы сала өкілдеріне арналған мүмкіндіктер талқыланды. Кездесуге кәсіпорын қызметкерлері, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Astana Hub» халықаралық технопаркінің өкілдері қатысты. Тілші баяндайды.
РКС: «Новопэк» серіктестігі жас мамандарға зәру. Әсіресе тігіншілер мен тігін өндірісіне мамандар қажет. Жастар үшін жеке бонустар қарастырылған. Қазір студенттер қатарынан мамандар тарту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде.
СНХ: МӨЛДІР ҚАЙРУШЕВА, «НОВОПЭК» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ HR БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Тігінші және тоқымашы категорияларына келген қызметкерлер үшін 3-6 айлық курстарды ұсынамыз. Бұл уақытта оларға бөлек стипендия төленеді, оқыту жүргізіледі, теория және практика жағын үйреніп, содан кейін өз қызметіне шығады. Яғни, таза выроботкасына байланысты, қанша тікті, қанша жұмыс істеді соған байланысты жалақысын алады. Қазіргі таңда тігінші жағына бізде 50-де астам вакансия бар. Тоқымашы жаққа да шамамен солай, 50-60 вакансия ашық. Және де бізде жыл сайын кеңею болады, цехтерді әрдайым кеңейтеміз.
РКС: Болашақта жұмысшы мамандықтарын жаңғыртудың маңыздылығы айтылды. Сондықтан кездесуде «Astana Hub» IT-стартап халықаралық технопаркі мен кәсіпорындардың ынтымақтастығы мәселесі талқыланды. Облыстық жастар ресурстық орталығы мұндай кездесулердің әсіресе жастар үшін әсерлі екенін айтуда.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осыған байланысты қазір жоспар құрып, алдағы уақытта қандай бізде іс-шаралар бар, осы жерге жұмысшыларды тарту. Одан кейінгі жоспар бойынша интеллектуалды бағытта шаралар бар. Барлық ұйымдарда өткіземіз жыл ішінде. Соның ішінде ең мықтысын табамыз деп ойлаймыз. Және «Zhas Aqmola»-да жұмысшы мамандық деген бағыт бар. Ол жерде 200 мың болады жүлде қоры. Биыл мысалы 500 мыңға дейін көтерілетін болды.
РКС: Кездесуде жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасының іске қосылатыны туралы айтылды. Өтінімдер қабылдау 17-ші наурызда басталады деп жоспарланып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ