ДИКТОР: Өңірде туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды. Аталған бастама шеңберінде халықты осы сырқат туралы ақпараттандыру, оның алдын алу және емдеу әдістеріне қатысты хабардарлығын арттыруға бағытталған шаралардың кешені жүзеге асырылуда.
РКС: Бір ай ішінде оқу орындары мен қоғамдық орындарда бейінді мамандардың қатысуымен дәрістер, семинарлар мен консультациялар өткізіліп келеді. Олар туберкулездің алғашқы белгілері, оның салдары және дәрігерге уақытылы қаралудың маңыздылығы туралы ақпараттандыруда.
СНХ: ТАТЬЯНА ПЕГЛИВАНЯН, Қ. ҚҰРМАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: 24 наурызда өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған ұранның тақырыбы: «Біз туберкулезді жеңе аламыз! Міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз». Туберкулез проблемасы кез-келгенімізге әсер етуі мүмкін деп жер бетіндегі барлық тұрғындарды хабардар ету. Сондықтан, барлық акцияның табыстылығы әр адамның жеке ұстанымына байланысты.
РКС: Облыстық фтизиопульмонология орталығы өңірдегі жетекші медициналық мекеменің бірі. Аталған денсаулық сақтау орны туберкулезді диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға бағытталған. Орталық заманауи жабдықтармен қамтылып, терапияның озық әдістерін қолданады.
СНХ: СӘУЛЕ СҰЛТАНБЕКОВА, Қ. ҚҰРМАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Барлығы 151 төсек орын бар. Онда 3 бөлімше бар. Үш бөлімшенің 2 бөлімшесі туберкулез науқастарын емдеуге арналған. 1 бөлімше пульмонологиялық бөлімше болып табылады. №1 өкпе терапия бөлімшесінде 57 төсек орын. Онда туберкулездің сезімтал түрі емделеді. №2 өкпе терапия бөлімшесінде 68 төсек орын. Онда туберкулездің ұстамды түрі емделеді. Пульмонология бөлімшесінде 26 төсек орын бар. Онда өкпе аурулармен науқастар емделеді. 2024 жылы 396 науқас туберкулезбен емделіп шықса, пульмонология бөлімшесінде 1282 науқас ем алып шықты.
РКС: Айта кетейік, өңірде туберкулезбен ауыратындардың көрсеткіші төмендеп келеді. Қазір облыс бойынша науқастардың саны 307. Былтыр бұл көрсеткіш біршама жоғары болған. Мамандардың айтуынша, мұндай шараларды өткізу арқылы адамдарды ақпараттандырып қана қоймай, сондай-ақ аурудың жаңа белгілерін анықтауға да ықпал етеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ