ДИКТОР: Алдағы күндері облыс аумағында күн күрт жылынады деген болжам бар. Түнде 5-10 градус аяз болғанымен, күндіз 0,+5 кей жерлерде сынап бағанасы тіпті плюс 8-ге дейін көтеріледі деп отыр. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға ауладағы, шатырдағы қарды тазартуға кеңес береді.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметтеріне сүйенсек аймақтың әсіресе орталық бөлігінде ылғал көп. Кей жерлерде тіпті межеден артық, 101 процентті көрсетуде. Дегенмен алдағы күндері күн жылынып, қар күрт еруі мүмкін деген болжам бар.
СНХ: ЛАРИСА ГОНЧАРОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СИНОПТИГІ: Облыс аумағында алдағы күндері күн жылынады. Кей жерлерде қар жауып, қатты жел, боран болуы мүмкін. Сонымен қатар жолдарда көктайғақ орын алуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 5,10 аяз, күндіз 0,+5, кей жерлерде тіпті +8 градусқа дейін жылынуы ықтимал.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары су тасқынының алдын алу жұмыстарын қазірден пысықтау қажеттігін ескертеді.
СНХ: ТӘҢІР ҚАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ИНЖЕНЕРІ: Әсіресе жер үйде тұратын үй иелері ауладағы қарды шығарып, шатырдағы қарды түсіру керек. Үй маңындағы қарды коммуналдық мекемелер жинап әкету үшін жол жиегіне шығару шарт. Одан басқа еріген қар суы өтетін құбырларды, арықтарды тазарту қажет.
РКС: Еріген қар суы аулаға еніп, үйге кірмес үшін дайындықты қазірден бастаған дұрыс. Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары дер кезінде ұйымдастырылса, оқыс оқиғаның алдын алуға болады,- дейді құтқарушылар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ