ДИКТОР: Көкшетау қаласында қайғылы оқиға орын алды. 66 жастағы қала тұрғыны облыс орталығындағы мекеменің шатырындағы қарды тазалау кезінде төбеден құлап мерт болды.
ДИКТОР+ВИДЕО: Қайғылы оқиға облыс орталығындағы мекемелердің бірінің төбесінде орын алды. Алдын ала мәліметке сәйкес ер адам ғимарат шатырын қардан тазартып жүрген. Бір мезетте тепе-теңдікті ұстай алмай, төменге құлап кеткен. Оқиға орнына келген ақ халаттылар оның сол жерде жан тәсілім еткенін анықтады. Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-шы бабының 3-ші тармағы бойынша «адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына» байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шараларының аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ал мемлекеттік еңбек инспекторы орын алған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: СҚазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес бір тәуліктің ішінде бізге хабарлама түсті. Оған сәйкес Еңбек Кодексінің 188-ші бабының 3-ші тармағына сай арнайы тергеу тағайындау туралы бұйрық шығардым. Сондай-ақ комиссия жасақталды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, комиссия төрағасы ретінде аталған мекеменің басшысы және жұмысшының өкілдері енді. Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес арнайы тергеу 10 күн аралығында жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша акт беріледі. Қайғылы оқиғаның өндіріспен байланысы бар-жоғы сол кезде белгілі болады.