ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттің басым бағытының бірі екенін атап өтті. Жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және әлеуметтік саясатта қолдау көрсету - қоғамның тұрақты дамуының кепілі.

РКС: Ақмола облысында 200 мыңнан астам жас бар. Олар үшін аймақта 21 ресурстық орталық жұмыс істейді. Мұнда әдістемелік, ақпараттық және профилактикалық көмек көрсетіледі. Жастардың қызмет көрсету орталығына азаматтар жұмысқа орналасу, депозит немесе бизнес ашу, сондай-ақ психологтардан кеңес алу мәселелері бойынша жүгінеді.

СНХ: АЙСҰЛУ МЫРЗАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы әкімінің стипендиясы сияқты білім беру бағдарламалары бар. Бұл бағдарлама 2011 жылдан бастап іске асырылып келеді. Ол облыстағы кадр тапшылығын төмендетуге бағытталған. Биыл бұл бағдарлама техникалық мамандықтарға бағытталады. Мұндай тапсырма Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан жұмысшы мамандықтар жылы аясына берілді.

РКС: Өңірде жастарды қолдауға қатысты бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Биыл облыстық бюджеттен «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы аясында гранттарға 12 миллион теңге бөлінді. Бағдарлама бизнес, медиа, IT, ғылым және мәдениет бағыттарын қамтиды. Жастар өз идеяларын дамытуға 1 миллион теңге ала алады.

СНХ: АЙСҰЛУ МЫРЗАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бизнес ашуға, жастардың шығармашылық және ғылыми идеяларын жүзеге асыруға бағытталған. Жоба үш жыл бойы іске асырылып келеді. Былтыр ауыл мектебінің мұғалімі грантты жеңіп алып, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша өз ауданында әдістемелік кабинет ашты. Жобаның артықшылығы - жастар оқып, жұмыс істеп жатса да, олар жеке кәсіпкерлік немесе бизнестің басқа түрін ашып алған. Оған 14 жастан 35 жасқа дейін жас қатыса алады.

РКС: Былтыр «Елге қызмет – абыройлы міндет» бағдарламасы да іске қосылды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының әскерінде борышын өтеп келген жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Осылайша, былтыр 500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.