Тұрғындардың үміті зор
ДИКТОР: Сайлауға қала тұрғындарымен қатар ауылдағы ағайын да белсенді қатысты. Сандықтау ауданында 12 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Олар жаңа құрамнан қандай нәтиже күтеді? Тілшіміз біліп қайтты.
РКС: Бұл - Балкашинодағы №603 сайлау учаскесі. Мұнда 1323 сайлаушы тіркелген. Таңғы сағат 7:00-де басталған дауыс беру науқанына ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
СНХ: АҚТАМАҚ КӘРІМЖАНОВА БАЛКАШИНО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі сайлау науқанына мен өз дауысымды қосып отырмын. Сондықтан барлық еліме, халқыма осы дауыс беріп, сіздердің берген дауыстарыңыз еліміздің әрі қарай дамуына нық жол ашады.
РКС: Жалпы Балкашино ауылында 3 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
СНХ: КЛАРА ӘУЕЗХАН САНДЫҚТАУ АУДАНЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Таңертеннен бері жиі-жиі сайлаушылар келіп, өздерінің дауыстарын берді. Аудан бойынша бір аумақтық, 37 учаскелік және 11 округтік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. 37 округтің екеуі жабық болып сайланады. Ол аудан ауруханасында, біреуі полиция бөлімінде. Аудан бойынша сайлаушылар саны 11 875.
РКС: Ал саяси науқанның барысын 700-ге жуық байқаушы бақылады. Оның басым бөлігі партиялық емес ұйым өкілі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ