Есіл ауданында сайлау штатты режимде өтті
ДИКТОР: Есіл ауданында 37 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Ауданда 18 мың 917 тұрғын бар, олардың 15 мың 24-і дауыс беру құқығына ие. Сайлау науқанының барысы туралы Есіл аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Максим Деревяга телефон арқылы баяндайды.
СНХ: МАКСИМ ДЕРЕВЯГА, ЕСІЛ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: (ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ): Барлық учаскелерде мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштар ұйымдастырылды. Тағы компьютерлерге аудио бюллетендер орнатылды. Қажетті ақпараттық және түсіндіру материалдары, жадынамалар, трафареттер орналастырылды. Учаскелерде азаматтардың еркін және жасырын ерік білдіру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сайлаушылар дауыс беруге белсенді түрде келеді. Комиссиялардың жұмысы тыныш және ұйымшылдықпен өтеді. Денсаулық жағдайы бойынша учаскеге өз бетінше келе алмайтын азаматтар үшін де дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Учаскелік комиссияларға 82 өтініш келіп түсті. Оларға комиссия мүшелері тасымалданатын жәшікпен шығады. Учаскелердің жұмысы штаттық режимде өтті, шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.