Негізгі Жаңалықтар Красный Яр ауылында дауыс беру аяқталды

Красный Яр ауылында дауыс беру аяқталды


ДИКТОР: Красный Яр ауылындағы №1 сайлау учаскесінде 3 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері маңызды күнге бір ай бойы тыңғылықты дайындалып, сайлаушылар тізімін нақтылау, тұрғындарды ақпараттандыру мен олардың белсенділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізді. Учаскеге келген тұрғындардың арасында отбасымен келгендер, жастар мен аға буын өкілдері де болды.


РКС: Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындар үшін үй жағдайында дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Түске дейін үйден дауыс беру үшін комиссияға 16 тұрғын өтініш білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жеті сайлаушы өздері келіп, дауыс берді. Отбасымен келген тұрғындар да болды. Сайлау учаскесіне таң сәрімен бірінші болып келген сайлаушыға арнайы сыйлық табысталды. Саяси науқанға ауыл ақсақалдары да белсене қатысты. Учаскедегі мерекелік көңіл күйді жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы одан әрі жандандыра түсті.

ИНТЕРШУМ:


СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИЯРОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін енді өзіміздің азаматтық позициямызды білдіру үшін дауыс беруге келіп отырмыз. Жылда осы учаскіде дауыс береміз. Енді әр адам, әр азамат саналы өзінің дауысын беру керек деп ойлаймын. Өйткені еліміздің болашағы біздің қолымызда. 

РКС: Бұл жолы сайлау учаскесінде жастардың белсенділігі ерекше байқалды. Дауыс берушілер қатарында сайлауға алғаш рет қатысып, азаматтық таңдауын жасаған жас буын өкілдері де бар. Алғаш рет дауыс беруге келген өрендер өз ұстанымдарын білдіруге берілген мүмкіндікті зор ықыласпен пайдаланып, ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетті.

СНХ: АРУЖАН ҚОНЫСПАЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін алғаш рет дауыс беріп отырмын. Еліміздің жарқын болашағына өз үлесімді қосып, азаматтық ұстанымымды білдіруді жөн көрдім. 

РКС: Сайлауға дайындық жұмыстары бір ай бұрын басталған. Комиссия мүшелері үй-үйді аралап, сайлауға қатысудың маңыздылығын түсіндіріп, дауыс беруге шақырды. Ал белгіленген күні таң сәріден сайлаушыларды қарсы алып, дауыс беру үдерісінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етті. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Ауыл тұрғындары дауыс беруге белсене қатысты,- дейді комиссия төрайымы.

СНХ: СӘКЕШ УӘЛИЕВА, №1 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Красный Ярдағы орталық сайлау учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Әсіресе, тұрғындардың ұйымшылдығы қуантады. Мәселен, медицина қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен кондитерлік цехтың жұмысшылары әріптестерімен бірге топтасып келіп, дауыс беруде. Бір мезетте бес-жеті адамнан жиналып келетіндер де бар. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі сайлау күні айқын көрінді.

РКС: Красный Яр ауылындағы №1 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат сегізде аяқталды. Ауыл тұрғындары күні бойы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Осылайша, дауыс беру арқылы ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлестерін қосты.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу