Негізгі Жаңалықтар Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру парақтарын санауға кірісті

Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру парақтарын санауға кірісті


ДИКТОР: Көкшетауда мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Құрылыс-технологиялық колледжінде орналасқан №730 сайлау учаскесінде қала тұрғындары өз таңдауларын жасады. Сайлаушылардың бірі азаматтық жауапкершілігін орындауды маңызды санаса, енді бірі жаңа депутаттар жергілікті мәселелердің шешілуіне ықпал етеді деп үміттенеді.

РКС: Қолайсыз ауа райына қарамастан, тұрғындар саяси науқаннан шет қалған жоқ. №730 учаскеде күні бойы әр буын өкілдері дауыс берді. Сайлаушылар жаңа депутаттар ең алдымен халықтың талап-тілегіне құлақ асып, қордаланған мәселелерді шешуге күш салса екен,-дейді. 

СНХ: ЕРІК БІЛӘЛОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл біз сайлауға келгеніміз ол әр азаматтың міндеті. Мен бүгін жұбайыммен келдім бірге. Сондықтан әр адам азаматтың өзі ширақтары бар шешілмеген мәселелер. Сол бәрі осы біздің сайлап жатқан депутаттарымыз соның бәрін шешіп ертең науқарапайым халыққа көмек беріп, сондай жас балалардың мынау келешегін ойлап солардың біз ойлап отырмыз сайлап жатқан депутаттарымыз соған өздерінің үлестерін қосат деп. 

СНХ: ТЕМІРХАН БЕКСЕЙІТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен де сайлаудан шет қалмай, азаматтық ұстанымымды білдіруді жөн көрдім. Әр дауыстың маңызы бар. Депутаттық мандатқа лайық, мүмкіндігі мен әлеуетін көрсете алатын, партиясының қолдауымен халыққа нақты пайдасын тигізетін азаматтар сайлануы керек деп есептеймін.

РКС: №730 сайлау учаскесінде 2239 адам тіркелген. Оның 48-і алғаш рет дауыс берді. Ал денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған екі тұрғын үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. 

СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, №730 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жеті жүз отызыншы сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы алтыда бастады. Жетіден бастап дауыс берушілер келе бастады. Жалпы учаскіде жұмыс істеп отырған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және алты учаскеліктің мүшесі. Жалпы түске дейін халық белсенді қатысты, 50 пайыздан астам кісілердің дауыс берушілер түске дейін болды. Ерекше бір айтатынымыз, бір үйдің бір әжесі түгел келіп, үй мүшелері болып бір-ақ дауыс берген. Сондай қызықты оқиға болды. 

РКС: Дауыс беру аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті. Санақ қорытындысы хаттамаға енгізіліп, жоғары тұрған сайлау комиссиясына жолданады. Ал сайлаудың түпкілікті нәтижесі заңда белгіленген тәртіппен жарияланады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу