Негізгі Жаңалықтар Көкшетаудың 90 жастағы тұрғыны үйінде дауыс берді

Көкшетаудың 90 жастағы тұрғыны үйінде дауыс берді


ДИКТОР: Көкшетауда сайлау аяқталды. Дауыс беруге қатысқандардың қатарында 90 жастағы Күләш Темірбаева да бар. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз үйінде отырып дауыс берді.

РКС: Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері денсаулығына байланысты өз бетінше келе алмайтын азаматтардың үйлеріне барды. №10 сайлау учаскесінде үйде дауыс беруге 7 өтініш түскен. Күләш Темірбаева үшін қоғамдық өмірге белсене араласу әрдайым маңызды. Ол он шақты шақырылым бойы қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясын басқарған. Бұл жолы да еңбек ардагері үйінде дауыс берді.

СНХ: КҮЛӘШ ТЕМІРБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Бүгін депутаттар өз сайлаушыларының сенімін ақтаса екен деп тілегімді білдіргім келеді. Өйткені олардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар бюджетті бекітуге, өңірдің, қаланың және облыстың даму бағдарламаларын қабылдауға атсалысады. Өткен шақырылымдағы депутаттар қала және облыс әкімдерімен бірлесе жақсы жұмыс істеді. Бүгінде бүкіл Қазақстан жергілікті өкілді органдарды сайлауға белсенді қатысып жатыр. Депутаттарымызға өз міндеттерін адал атқаруды тілеймін. Сайлаушылардың сенімін ақтасын. Халықпен кездесіп, тұрғындар көтерген кез келген мәселені билікке жеткізіп, оның шешілуіне ықпал етсін. Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Баршаңызға зор денсаулық, балаларымыздың аман-есен өсіп, бақытты болуын тілеймін.

РКС: Бүгін №10 сайлау учаскесінде Көкшетау қаласының 2 мың 630 тұрғыны дауыс берді. Ал комиссия мүшелері алдын ала өтініш білдірген азаматтардың мекенжайларына жылжымалы дауыс беру жәшігін алып барды.

СНХ: АСЛАН БАЯЛЫ, №10 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүгін сайлаушылардың мекенжайларына барып, үйде дауыс беруді ұйымдастырдық. Барлығы 7 адам өтініш берген. Олар мүгедектігі бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар.

РКС: Осылайша, көшпелі дауыс беру арқылы сайлау учаскесіне келе алмаған тұрғындарға да сайлауға қатысуға мүмкіндік жасалды.


ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу