Көкшетауда сайлау барысы қалыпты өтті
ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №17 мектепте орналасқан №47 учаскелік сайлау комиссиясының 9 мүшесі жұмыс істеп, дауыс берушілерге көмек көрсетті.
РКС: №47 сайлау учаскесінде 2 мың 359 сайлаушы тіркелген. Олардың 9-ы үйде дауыс беруге өтініш білдірген. Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, 1 мыңға жуық азамат өз таңдауын жасап үлгерген.
СНХ: ГҮЛЗАТ БАҚТЫБАЕВА, №47 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі таңда қалыпты жағдайда жүріп жатыр. Азаматтар өз таңдауын жасап, Ақмола облысының мәслихат депутаттарына және Көкшетау қаласының мәслихат депутаттарын және партияларға сайлауға келіп жатыр. Осы уақытқа дейін ешқандай кілеңсіз оқиғалар болған жоқ.
РКС: Сайлау учаскесінде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне де назар аударылды. Таңғы сағат 7:00-ден бері мұнда екі байқаушы жұмыс істеп, сайлау барысын бақылауда ұстады. Олардың айтуынша, әзірге ешқандай заң бұзушылық пен кедергі тіркелмеген.
СНХ: АЙМАНАТ МӘКІШЕВА, БАЙҚАУШЫ: Ойдағыдай өтіп жатыр, бақылап отырмыз. Таңғы жетіден басталған сайлауымыз ойдағыдай өтті. Жақсы жүріп жатыр. Ешқандай кедергі болған жоқ. Бәрі жақсы.
РКС: Дауыс беру учаскесіне келген тұрғындар да азаматтық таңдауын жасаудан қалыс қалмады. Олардың қатарында бала күтімімен үйде отырған аналар да бар.
СНХ: САЛТАНАТ ҒАБДУЛЛИНА, ДАУЫС БЕРУШІ: Бүгінгі сайлауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Декретте болсам да бүгін сайлауға, дауыс беруге келіп тұрмын. Әр сайлау сайын келіп отырамын.
РКС: Ақмола облысы бойынша 759 сайлау учаскесі жұмыс істеп, кезектен тыс сайлауға 5 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмылдырылған. Өңір тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беру науқанына белсенді қатысты.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ