Негізгі Жаңалықтар Бурабай ауданында ғасыр жасаған қос қария да дауыс берді

Бурабай ауданында ғасыр жасаған қос қария да дауыс берді


ДИКТОР: Бурабай ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны өтті. Аудан тұрғындары сайлау науқанына белсене қатысып, дауыс беруге отбасымен бірге келді. Сайлау учаскелерінде әртүрлі буын өкілдері бас қосып, өз таңдауларын жасады.

 РКС: №314 сайлау учаскесінде 687 сайлаушы дауыс берді. Олардың жетеуі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Дауыс бергендердің қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтелбай Бейсенов те бар. Оның айтуынша, тұрғындар бұл сайлауды елдің өсіп-өркендеуі мен тұрақты болашағына бастар маңызды қадам ретінде қабылдайды.

СНХ: ӨТЕЛБАЙ БЕЙСЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бәрі бүгін халқымыз болып осы сайлауға үміттене қарап отырмыз. Алдағы болашақтың жарқын болашаққа үмітпен қарап отырмыз. Сондықтан үміттеріңіз ақталатын болсын. Әр отбасына амандық саулық, жақсылық тілеймін. 

РКС: №319 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтті. Мұнда тіркелген сайлаушылардың жартысынан көбі келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл учаскеде үш азамат алғаш рет дауыс берді. Сайлау учаскесіне келгендердің арасында жасы 100-ге толған екі қария болды. Ғасыр жасаған қос қария да ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады. Мүмкіндігі шектеулі төрт сайлаушыға үйден дауыс беру жағдайы қарастырылды.

СНХ: БАҒИЛА ҚАСЕНОВА, БАЙҚАУШЫ: Бұл сайлау учаскесінде комиссия мүшелерінің жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Дауыс беру белгіленген уақытта басталды, сайлаушылар да учаскеге уақытылы келіп, белсенділік танытты. Сайлау заң талаптарына сай, әділ әрі ашық өтіп жатыр. Байқаушы ретінде комиссия жұмысына қатысты ешқандай кемшілік байқаған жоқпын. Учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына көңілім толады.

РКС: Байқаушылар сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру деңгейі мен белгіленген талаптардың сақталуына оң баға берді. Комиссия мүшелерінің сөзінше, сайлау күні учаскелерде тыныш әрі тұрақты ахуал қалыптасты. Тұрғындар да белсенділік танытып, дауыс беру арқылы өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ БАЙЫЗДРАХМАНОВА, №319 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Дауыс беру науқаны жалғасуда. Учаскедегі ахуал тұрақты. Қала тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.

РКС: Бурабай ауданында дауыс беру науқаны аяқталды. Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасады. Дауыс беруге түрлі буын өкілдері белсене қатысты. Олардың қатарында алғаш рет дауыс берген жастар да, ғасыр жасаған қазыналы қариялар да болды.  

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу