Өңірде 265 депутат сайлануы тиіс
ДИКТОР: Өңірде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға барлығы 265 депутат сайлануы тиіс. Сайлауға қатысқан тұрғындар жаңа құрам халықтың мүддесін қорғап, жергілікті мәселелердің шешілуіне ықпал етеді деп сенеді. Айта кетейік, дауыс беру 759 учаскеде өтіп жатыр.
РКС: Сайлау учаскелерінде жастармен қатар аға буын өкілдері де белсенді. Көкшетау қаласының құрметті азаматы Мағауия Рақымбергенов те науқаннан қалыс қалмай, дауыс берді. Ол ел өміріндегі саяси өзгерістердің маңызын атап, елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруда жергілікті өкілді органдардың жауапкершілігі зор екенін айтады.
СНХ: МАҒАУИЯ РАҚЫМБЕРГЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: Жаңа Конституцияның тұжырымы бойынша Құрылтай сайлауы өтті, бүгін жергілікті маслихаттардың облыстық, қалалық, аудандық маслихаттардың сайлауы өтіп жатыр. Елімізде көп жаңа өзгерістер болып жатыр, Құрылтайдың жұмысы тамаша жүріп жатыр. Сондықтан мына сайланып жатқан жергілікті маслихаттар да халықтың арман қарай қал-жағдайы, әлеуметтік жағдайы жақсы болу үшін қызмет атқарығаны дұрыс деп ойлаймын.
РКС: Сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамның өзге де әлжуаз топтары үшін дауыс беру рәсімі еш кедергісіз өтіп жатыр.
СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, №9 ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Осы учаскіде 2668 кісі тіркелген. Таңнан бастап бәрі белсенділік танытып, азаматтық жауапкершілікпен келіп жатыр. Көңі-күйлері жақсы. Заң бойынша мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалды, оларға жеке орын бар, сондыай-ақ үйден дауыс беруге арнайы урналар бар.
РКС: Айта кетейік, Ақмола облысында 521 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ