Өңір спортшылары өз таңдауларын жасады
ДИКТОР: Бүгін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында өңір спортшылары да өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс берді. №731 сайлау учаскесінде сайлау күні қалай өткенін тілшіміз баяндайды.
РКС: №731 сайлау учаскесінде таңнан бастап халықтың қарасы қалың болды. Қалалық және облыстық мәслихаттарға кандидаттарға дауыс беруге келгендердің қатарында параспортшы Константин Нохрин де бар. Оның айтуынша, дауыс беруге қатысу – өңір мен елдің дамуына тікелей ықпал етудің мүмкіндігі.
СНХ: КОНСТАНТИН НОХРИН, ПАРАСПОРТШЫ: Мен Қазақстан Республикасының азаматымын, сонымен қатар параспортшымын. Бүгін сайлауға келдім. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттарын, сондай-ақ партияларды таңдаймыз. Өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Өйткені дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы әрі еліміздің болашағына қатысты жеке таңдауы.
РКС: Бұл сайлау учаскесіне 2 мың 655 сайлаушы тіркелген. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Кіреберіске пандус орнатылып, ғимарат ішінде жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдар әзірленген. Ал денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған азаматтар үшін комиссия мүшелері үйде дауыс беруді ұйымдастырды.
СНХ: РАМАЗАН ҚАДЫРОВ, №731 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: №731 сайлау учаскесі таңғы сағат 6:00-де жұмысын бастады. Алғашқы сайлаушылар сағат 7:00-ден бастап келе бастады. Сайлау комиссиясының барлық мүшесіне өз міндеттерін атқаруға қажетті жағдай жасалған.
РКС: Учаскедегі дауыс беру барысын тәуелсіз байқаушылар мен комиссия мүшелері бақылап отырды. Олардың айтуынша, сайлау ашық әрі тыныш жағдайда өтіп, ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ